Тіл – ұлттық қасиетіміз, еліміздің айнасы

Тіл – ұлттық қасиетіміз, еліміздің айнасы

Ықылым заманнан бері елдің  елдігін ана тілі ғана танытып келген. Ана тілі мемлекеттің тірегі, елдігінің  алтын қазығы. Ана тіліміз – қазақ тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты. Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны мен шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болады. Тіл – халқымыздың рухани байлығы, қадыр-қасиеті, халықтың жаны. Тілді өркендету – баршаның ісі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Барлық елдерде мемлекеттік тілді білу заң арқылы міндеттелген. «Тіл туралы» заңымызда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір республика азаматының парызы» деп көрсетілген. Сол себепті қазақ тілін терең меңгеру  әр қазақтың, Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азаматтың қасиетті борышы. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда. Ұлт көсемі А.Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұртың тілін аздыруға тырысады» деген. Сондықтан бұл маңызды іске баршамыз үлес қосып, тіл саясатының жүйелі жүргізілуіне барлығымыз бірдей атсалысуға тиіспіз. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сондықтан, әрбір азамат қазақ тілін жетік меңгеріп, мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыстары үнемі назарда болуы тиіс. Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Тілді өркендету баршаның ісі, себебі тіл тек қарым-қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Демек, елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғау өзімізден бастау алуы керек. Адам қай тілде сөйлесе, сол тілге қызмет етеді. Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік. Ата-бабамыздан келе жатқан тілімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Басқа ұлт өкілдерінің тілі өз тағында тұр. Қазақстандағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі де дәл солай өзінің бик деңгейінде, тағында тұруы керек. Сондықтан елдіктің басты нышаны – ана тілімізді ардақтап, мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің Ата заңымызда ешбір тілмен қатар тұрмай, жоғары, дара тұруына атсалысу азаматтық парызымыз. 

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сот әкімшісінің аға сот приставы Ж.Т.Құрманов     

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.