«Тіліміз-бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.»

«Тіліміз-бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.»

Барлық елдерде мемлекеттік тілді білу заң арқылы міндеттелген. Қазақстан Республикамыздын «Тіл туралы» заңымызда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы » деп көрсетілген. Сол себепті қазақ тілін терең меңгеру әр қазақтың, Қазақстанда тұрып жатырған әрбір азаматтың қасиетті борышы. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы, салт-дәстүрі, төл мәдениеті болатыны секілді мемлекеттік тілі де бар. Тәуелсіз еліміздің негізгі рәміздерінің бірі мемлекеттік тілі. Қонституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Конституциямыздың аясында бақ-берекеміздің сақталып, іргеміздің нығайып отырғаны тіл саясатын жүргізудің жарқын бейнесі.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сондықтан, әрбір азамат қазақ тілін жетік меңгеру керек деп есептеймін. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер. Өйткені, мемлекеттік тіл - басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу тілі. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыстарды үнемі назарда ұстап, сот жұмысының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесінің ұлғайту жұмыстарын жалғастырып, кіріс, шығыс құжат айналымы мен ішкі құжат айналымы жүз пайыз мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз ету қажет.

Тіліміз-бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Тілдің беделін көтеру, тіл меңгеруді, қазақ тілінде еркін сөйлеу өз қолымызда. Тілді өркендету-баршаның ісі, себебі тіл тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттымыздың биік тұғыры. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте»-деп ақын Қ.Мырзаәлі бекер айтпаған, ең алдымен өз ана тілімізді-қазақ тілімізді құрметтеуге шақырамын. 

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала аудандық соты әкімшісінің басшысы

М.С.Темиргалиева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.