Экстерриториалдық соттылық
2022 жылдың 1 тамызынан бастап экстерриториялық, яғни эксаумақтық соттылық принципі қолданысқа енгізіліп, жетілдіріле бастады. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32-бабы тараптардың өзара келісімі бойынша осы іс үшін, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысында соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша аумақтан тыс соттылықты таңдау құқығын көздейтін нормамен толықтырылады. Экстерриториалдық соттылық қағидаты талап қою немесе азаматтық іс республиканың барлық соттары арасында бөлінетін болады. Компьютерлік бағдарлама арқылы автоматтандырылған тәсілмен оның аумақтық орналасуына қарамастан, жүктемесі аз сот іріктелетін болады. Басқаша айтқанда, талапкер мен жауапкер бір аймақта, ал сот басқа аймақта болатын жағдай мүмкін болады. Жаңашылдықтың мақсаты — сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүктемесін бүкіл ел бойынша біркелкі бөлу. Жаңалыққа сәйкес тараптар даулар туындаған жағдайда істі құзыретті сот эксаумақтық соттылыққа сәйкес шешетіні туралы дербес уағдаласа алады. Эксаумақтық соттылықты тараптар шартта немесе қосымша келісімде арнайы тармақпен белгілейді.
Келісімді сот істі іс жүргізуге қабылдағанға дейін немесе істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін рәсімдеу қажет. Тараптар ведомстволық соттылықты немесе айрықша соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайтынын, ведомстволық немесе айрықша соттылықты өзгерту туралы шарттың талаптары елеусіз болатынын, яғни экстерриториялық соттылық — бұл бүкіл ел бойынша бірінші инстанция сотын оның мамандануын (аудандық, экономикалық, ювеналдық т.б.) ескере отырып, таңдау туралы шарт екенін ескеруі қажет. Аталған жанашылдықты іске асыру сот төрелігін іске асыру процесіне ақпараттық технологияларды енгізуге байланысты мүмкін болды. Бүгінде азаматтық істердің басым бөлігі қашықтан қаралады, тараптар нақты аумаққа байланыссыз сот арқылы қорғау құқығын іске асырады.
Осылайша эксаумақтық соттылықтың келесі артықшылықтарын атап өтуге болады: — азаматтық істі Қазақстан аумағындағы кез келген сот қарауы мүмкін. Бұл жергілікті биліктің, тараптардың ықтимал ықпалын азайтады, соттардың тәуелсіздігі мен бейтараптығын арттырады; — республиканың барлық соттары бойынша сот жүктемесін біркелкі тең бөлу секілді артықшылықтары бар.
Жанна-Мари Вебер
Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]
