Эксаумақтық соттылық
Ақжайық ауданымызда қазіргі уақытта екі аудандық соты жұмыс жасауда, оның өздерінің белгіленген аумақтық соттылықтары бар. Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының соттылығына жеті ауылдық округі кіреді. Атап өтетін болсақ БҚО Ақжайық ауданының Тайпақ, Алмалы, Ақсуат, Қарауылтөбе, Базартөбе, Базаршолан және Сарытоғай ауылдық округтері кіреді.
Енді, шарттық соттылық дегеніміз не?
Азаматтық істі сот талқылауына дайындау барасында сотқа жүгінуші тарап пен жауапкердің келісімімен істі қарау аумағын өзгертуге болады.
Аумақтық соттылықты қалай өзгерте алады?
Қазіргі таңда сот жүйесінде кеңсеге түскен істерді бөлу автоматты түрде жүзеге асатыны бәрімізге белгілі. Бұл өз тарапынан кеңсенің жұмысын ғана жеңілдетіп қоймай, сыбайлас жемқорлыққа да жол бермейді.
Аумақтық соттылықты ауыстыру кезінде, судья істі сот талқылауына дайындау сатысында тараптарға «Шарттық соттылық» бабын түсіндіре отырып, ол бойынша пікірлерін сұрайды. Мысалы: жүктеме көп соттар Астана қаласының аудандық соттары өндірісінде бұл санаттағы істердің көптігіне байланысты берілген талап қоюды қарастыруға көп уақыт керектігін түсіндіріп, басқа сотқа жолдауға болатындығы жөнінде атап айтылады. Алайда, эксаумақтық соттылықты жүзеге асыру үшін, екі жақ тараптың да келісімі міндетті түрде қажет. Егер де тараптардың бірі қарсы болатын жағдайда, істің аумақтық соттылығын өзгерту мүмкін емес. Егер тараптар келіскен жағдайда, іс осы санаттағы істерді қарайтын, жүктемесі аз соттарды таңдай отырып, істі автоматты түрде бөлуге жібереді.
Эксаумақтық соттық – сот жүйесіндегі соңғы жаңашылдықтардың бірі. Азаматтық процестік кодекстен орын алған бұл ұғым азаматтық іс жүргізу заңдылығын барынша жетілдіруге бағытталған.
Азаматтық процестік кодекстің 32-бабында дәйектелгендей, эксаумақтық соттылыққа байланысты шешім істі сот талқылауына дайындық кезінде қабылдануы тиіс. Жоғарыдағы заңдық норманы жүзеге асыру механизмі Жоғарғы Сот тарапынан жасалған алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады. Осы нормада көрсетілгендей, сот талқылауына дайындық кезінде азаматтық істі екі тараптың келісімін ала отырып республиканың басқа аймағындағы соттың қарауына ұсынуға болады. Тек бұл сот дәл осындай істерді қарауы тиіс.
Арнайы IT –жүйе – «Істерді аумақтан тыс соттылығы бойынша автоматтандырылған бөлу» азаматтық сот ісін жүргізудің шеңберінде арнайы критерийлер бойынша республика бойынша басқа облыстың нақты сотын айқындайды және іс сол сотқа жіберіледі.
Осылайша, эксаумақтық юрисдикция азаматтық істерді автоматты түрде бөлу жүйесімен аз жүктелген, бірақ мамандандыруды ескере отырып бөлуді қарастырады.
Ақжайық ауданының №2 аудандық соты әкімшісінің басшысы Нурбол Манарбекович Саурбаев
[xfvalue_img]
