Мұрағатқа тапсыруға жататын құжаттары туралы негізгі қағидалары

Мұрағатқа тапсыруға жататын құжаттары туралы негізгі қағидалары

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының2016 жылғы 16 мамырдағы № 6001-16-7-4/98 өкімімен бекітілген ҚАҒИДА реттейді.

Қағида Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша сақтауды жүзеге асыратын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың, Департаменттің және оның территориялдық бөлімдерінің мұрағаттарына таралады.

Ұлттық мұрағат қор құрамына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттарының, Департаментінің және Қазақстан Республикасы Соттар әкімшілері мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – ұйымдар (мекемелер)) құндылық сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке алуға қойылған және тұрақты сақтау мерзіміне қатысты құжаттары жатады. Басқа мұрағат құжаттарына жеке құрам бойынша құжаттар, сондай-ақ сақтау мерзімі өтіп кетпеген мұрағат құжаттары жатады.   

Мұрағат ұйымның (мекеменің) құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарын дәстүрлі және электрондық ақпарат тасығыштарда қабылдау, сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, есепке алу, пайдалану және белгіленген тәртіппен Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған құжаттарды тұрақты сақтауға тапсыруға дайындау үшін құрылады.

Ұйымға (мекемеге) жүктелген міндеттері мен функцияларына, сондай-ақ оның қызметі барысында пайда болатын құжаттардың құрамына сәйкес, мұрағаттардың мынадай: басқарушылық құжаттама; сот құжаттамасы; дыбыс-бейне жазу құжаттамасы түрлері құрылады.

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың (бұдан әрі – электрондық құжаттар) мұрағаты ұйым мұрағатының құрамдас бөлігі болып табылады ( ЭЦҚ).

Ұйым (мекеме) мұрағаты өз қызметін міндеттерді, функцияларды және қабылданатын құжаттардың құрамын анықтайтын Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және олардың филиалдары (ары қарай – мемлекеттік мұрағат мекемелері) ұйымдарға Қағидаларды енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының жетекші маманы А.Е.Гизатова

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.