Сот өндірісінде қаралған істер мен жадығаттардың мұрағатқа тапсырылуы тәртібі мен негіздері туралы
Сот өндірісінде қаралған істер мен жадығаттардың мұрағатқа тапсырылуының жәй-күйі - бұл сотта аяқталған істердің, дәлелдемелердің және оларға қатысты құжаттардың дұрыс сақталуын, жүйеленуін және уақытылы мұрағатқа өткізілуін сипаттайтын құқықтық-ұйымдастырушылық процесс. Бұл процесс «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №326-1 Заңына 2025.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен реттеледі.
Соттарда негізгі жәй-күй мен тәртіптері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 6001-16-7-4/98 өкіміміен бекітілген «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Қазақстан Республикасы Соттар Әкімшісі РММ-нің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік архив мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасына» сәйкес жүргізіледі.
Істерді аяқтау және тігу. Сот өндірісі толық аяқталған соң іс арнайы талаптарға сай тігіледі. Ішінде барлық процессуалдық құжаттар, дәлелдемелер, хаттамалар ретімен орналасады.
Жадығаттарды тіркеу. Барлық материалдар сот кеңсесінде арнайы тізімге тіркеледі. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін және тиісті орындауға жолданған кейін іс «аяқталған» деп белгіленеді.
Істердің сақталу мерзімі олардың санатына байланысты және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2023 жылғы 08 маусымдағы № 6001-23-7-4/129 өкіммен бекітілген «Сақтау мерзімдері көрсетіле отырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, оның ішінде: облыстардағы, Астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер жергілікті және басқа да соттардың қызметінде жасалатын құжаттар тізбесі» негізінде сақтау мерзімдері белгіленеді, қылмыстық істердің кейбір түрлері 75 жылға дейін, азаматтық істер 5 жылдан 25 жылға дейін, әкімшілік істер 3 жылдан 5 жылға дейін сақталады, сақтау мерзімдері өткен соң әр сотының сараптау комиссиясының назарына іріктеп алынған істер және жиынтықтар бойынша тиісті актілер келтіріледі, сол істер ғылыми - тарихи құндылығы жоқ және тәжірибелік мәнін жоғалтқан деп танылып, жоюға бөлініп алынады.
Архив бөлмелеріне қойылатын талаптары жоғарыда көрсетілген Ережелерімен бекітілген.
Заңды күшіне енгеннен кейін тараптар іс материалдарымен танысуы архив қызметкерлеріне жүгінеді, архивке өткізілген істермен танысуы тек төрағаның рұқсатымен уақытша тиісті журналға қол қойлып беріледі, істерді сыртқа шығаруға тыйым салынған, сот өндіріспен аяқталған істер тек жоғарыдағы тұрған соттарының және Бас прокуратураның сұрау хаттарына сай жолданады.
Сот өндірісінде қаралған істер мен жадығаттардың архивке тапсырылуы – бұл құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғау үшін маңызды процесс. Архивке уақтылы өткізу, дұрыс тіркеу және сақтау – сот әділдігінің ашықтығы мен заңдылықтың кепілі болып табылады.
Ақтөбе гарнизоны әскери сот әкімшісінің жетекші маманы А.Е.Гизатова
[xfvalue_img]

4 пікір