Сот өндірісінде қаралған істер мен жадығаттардың архивке тапсырылу тәртібі

Сот өндірісінде қаралған істер мен жадығаттардың архивке тапсырылу тәртібі

Әскери гарнизоны сотының қаралған істері мен жадығаттары, ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 6001-16-7-4/98 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы Қағидасына» сай архивке тұрақты немесе уақытша сақталуына қабылданады. 

Қазіргі  2025 жылы уақытында гарнизондар әскери соттарының архивтерінде құжаттар  дәстүрлі қағаз және электрондық ақпарат тасығыштарда қабылданады, сақталуы қамтамасыз етіледі, есепке алынады, пайдаланылады және белгіленген тәртіппен Ұлттық архив қоры құрамына жатқызылған құжаттарды тұрақты сақтауға тапсыруға дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Жоғары аталған Қағиданың 67 бабына сай «іс жүргізумен аяқталған барлық қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер мұрағатқа тапсырылады». Олар тиісінше қалыптастырылуға және ресімделуге тиіс. Іске тіркелген барлық құжаттар тігілуге және нөмірленуге, олардың ішкі тізімдемелері және куәландыру парақтары жасалуға тиіс. Іс бойынша атқаруды тексеріп, судья істің мұқабасының сол жақ жоғарғы бұрышында сиямен «Архив» деген бұрыштаманы, қолының толық жазылуын және бұрыштаманың күнін қояды.

Алқалардың қызметін қамтамасыз ететін қызметкер (сот отырысының хатшысы) архивке тапсырылуға жататын барлық іс жүргізуді тағы да мұқият қарап шығуға міндетті, ол заңды күшіне енген сот шешімінің орындалуына ерекше назар аударуға тиіс. Өйткені аталған Қағиданың 3.2 бөлігінің 67 бабының жиырма алты тармақшасын басшылыққа алу қажет. Себебі түрлі себептерімен атқарумен аяқталатын, атқару парағы қайтарылғаннан кейін архивке тапсырылуға жататын,соттың қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін ғана істі соттың архивіне тапсыруға болатын тағы сол сияқты жағдайларды ескере отырып архивке тапсырылады.

Мұқабаларда тақырыптар нақтылануы, атап айтқанда мыналар көрсетілуі тиіс: қылмыстық істерде – сотталған адамның тегі, аты, әкесінің аты, осы адам сотталған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының толық атауы; азаматтық істерде және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерде – тараптар (талапкер, жауапкер), мәні (бап).  

Қылмыстық, азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қалыптастыру және ресімдеу аталған Қағида бойынша белгіленеді және оған сәйкес келтіріледі.

Орындау мерзімі аяқталғанға дейін істер олар қалыптастырылған орында немесе БҚҚ қызметінің арнайы бөлінген бөлмесінде сақталады.

Істерді (нарядтарды) ресімдеу, қалыптастыру, уақытша сақтауға архивке уақытында тапсыру үшін жауапты қызметкер, өзінің жұмысында осы Қағиданың талаптарын қатаң басшылыққа алады. Архивке тапсырылуға жататын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер тиісінше қалыптастырылады және ресімделінеді. Іске тіркелген барлық құжаттар тігіледі және нөмірленеді, олардың ішкі тізімдемелері және куәландыру парақтары жасалынады. Іс жүргізумен аяқталған барлық қылмыстық, азаматтық іс және  әкімшілік істер архивке уақытылы тапсырылады.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының жетекші маманы А.Гизатова

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.