Сот тараптарды татуластыру үшін шаралар қабылдайды

Сот тараптарды татуластыру үшін шаралар қабылдайды

Көбінесе азаматтар, заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер арасында түсініспеушіліктер туындап, нәтижесінде құқықтық даулар мен жанжалдар туындайды, оларды кейіннен қолданыстағы заңнама нормалары негізінде сот шешеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында татуластыру рәсімдерін дамыту дауларды шешудің және азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің басым бағыттарының бірі және азаматтық-құқықтық саладағы дау-жанжалдарды шешудегі маңызды рәсімдердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасы дауласушы тараптарға сотқа жүгінгенге дейін де, істі сотта қарау кезінде де, оны қарағаннан кейін де даудың кез келген сатысында дауды бейбіт жолмен шешудің артықшылығын пайдалануға мүмкіндік береді.

Талап қою түскеннен кейін судья, талапты қабылдау үшін барлық негіздер болған жағдайда, тараптарға келесі күннен кешіктірмей татуластыру рәсіміне шақыру жолданады.

Сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

Егер талап қоюға талапты қамтамасыз ету туралы өтінішхат тіркелсе, талапты іс жүргізуге қабылдап, қамтамасыз ету шаралары бойынша өтінішхатты шешкеннен кейін тараптарға татуласу рәсіміне шақырту жолдану керек.

Егер талап қою қайтарылуға не қабылдаудан бас тартылуға жататын болса 5 жұмыс күні ішінде бұл мәселе шешілуге жатады.

Талапты қабылдау үшін барлық негіздер болған жағдайда, 10 жұмыс күні ішінде татуластыру шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік бар, егер сотқа дейінгі хаттама жасақталған жағдайда 15 жұмыс күні ішінде тараптарды татуластыруға болады.

Татуластыру шаралары онлайн немесе оффлайн форматта өткізіледі. Татуласу рәсіміне қатысуға ниет білдірген тарап татуласу рәсімінің түрін таңдап, оны өтінішхатта көрсетеді. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.      

Тараптар татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхатты талап қою ісін жүргізудің кез келген сатысында мәлімдей алады. Судья кез-келген келісімді бекітер алдында оның құқықтық салдарын ол тараптарға түсіндіреді.

Татуластыру судья тараптардың өтiнiшi бойынша немесе өзiнiң қалауы бойынша тараптарды татуластыруға көмектесе алатын басқа адамдарды татуластыру рәсiмiне қатысуға шақыра алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде бітімгершілік рәсімдердің үш түрі көзделген, біріншісі – бітімгершілік келісім, оның мақсаты даулы қатынастарды шешу. Бұл келісім арнайы азаматтық-құқықтық келісім ретінде қарастырылады.

Екіншісі, медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың (медиаторлардың) көмегімен тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеу рәсімі. Тараптар, бітімгершілік рәсімдердің сот түріне жататын бітімгершілік келісімінен айырмашылығы, медиация соттан тыс та, сотта да бекітуі мүмкін, яғни ол сотқа жүгінгенге дейін де, сотта іс жүргізуге қабылданғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.

Үшінші – партисипативтік рәсім, бұл дауды судьяның қатысуынсыз тараптардың келіссөздері арқылы екі тараптың өкілдерінің көмегімен шешуді білдіреді.

Бұл тараптар арасында дауды шешудің жылдам жолы, екі тарапқа да қолайлы өзара тиімді шешім қабылдау, мәжбүрлі шешімді орындауға қарағанда тараптар арасындағы келісімдерді жылдам орындау, қалыпты іскерлік қатынастарды сақтау жағынан тиімділігі зор. Сондай-ақ мемлекет тарапынан сотқа жүгіну кезінде төленген мемлекеттік баж салығының қайтарылуы да тараптар үшін татуластыру рәсімдерінің артықшылығына ие.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының бас маманы Н.К.Агасылова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.