Сотқа дейінгі хаттама – татуласудың ең тиімді тәсілі

Сотқа дейінгі хаттама – татуласудың ең тиімді тәсілі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен АПК-ға, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне, «Нотариат туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Медиация туралы» Заңдарына өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдықтар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Азаматтық процестегі өзгерістердің бірі - сотқа дейінгі хаттама институтын енгізу.

Татуластырушы судья, оған талап қою келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде туындаған құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығын тексереді және көрсетілген мерзімде талап қоюды қайтару не қабылдаудан бас тарту туралы мәселені шешеді.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

АПК-нің 73-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес сотқа дейінгі хаттама жасалған жағдайда, талап қоюды қабылдау, ол түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сотқа талап қою келіп түскен кезде татуластырушы судья тараптарға келесі күннен кешіктірмей татуластыру рәсіміне қатысу үшін шақыру мен сотқа дейінгі хаттаманың үлгісін жібереді.

Талапты қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде шақыру тиісті ұйғарым шығарылғаннан кейін жіберіледі.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу барысында татуластырушы судья тараптарға татуласудың артықшылықтары туралы түсіндіреді, тараптардың әрқайсысына өздері сілтеме жасағысы келетін өз дәлелдерін өзара ашып, ұсынуға кеңес береді.

Егер тараптар талап қоюды қабылдау сатысында татуласа алмаса, онда татуластырушы судьяның сотқа дейінгі хаттамасымен бірге істі мәні бойынша қарау үшін басқа судьяға қайта бөлінеді.

Егер дәлелдемелерді ұсынған адамдар істі сот талқылауына дайындау сатысында ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында ұсынылуы мүмкін.

Тараптардың қолында бар дәлелдемелерді сотқа ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотқа ұсыну мүмкіндігін жоққа шығарады.

Азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында ашылған және сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы.

Осыған байланысты тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуластыру рәсімдерін жүргізу барысында өздерінің талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін дәлелдемелер ұсынған жөн, бұл оларға қарым-қатынасты сақтауға, моральдық және материалдық шығындарды азайтуға, дәлелдемелер мен дәлелдер алмасуға, сот талқылауының болжамды қорытындысын болжауға, дау бойынша ымыраға келуге, жанжалды сот дауларынсыз аяқтауға мүмкіндік береді.

Татуластырушы судьялар талаптарды АПК-нің 150-бабына сәйкес қабылдайды. АПК-нің 148-149-баптарына сәйкес келмейтін талап қою келіп түскен жағдайда, мұндай талап қою қайтарылуға жатады.

Егер тараптар татуласа алмаса, онда татуластыру рәсімдері нәтиже бермегені, тараптардың қайсысы істі татуласумен аяқтағысы келгені, қандай себеппен тараптар татуласа алмағаны, жауапкер тараптың талап қоюмен келісімі ішінара немесе талаптармен келіспеуі толық көрсетілгені туралы анықтама жасалады. Бұл анықтама талап қоюмен, анықтамамен және сотқа дейінгі хаттамамен (егер бар болса) бірге басқа судьяға қайта бөлінеді.

Сотқа дейінгі хаттама тараптар өз құқығымен танысқаннан кейін оны сотсыз да өздері толтыра алады деп болжайды. Одан кейін келісім жасау үшін медиаторға немесе адвокатқа өз бетінше жүгіне алады. Содан кейін талап қоюшы талап арызды соттан қайтарып алады.

Камила Бекишева

Астана қаласының азаматтық істер

жөніндегі ауданаралық сотының судьясы                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.