Тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды

Тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды

Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, елдіктің басты нышаны. Сондықтан да Қазақстан Республикасының бас құжаты – Конституцияда «қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі», – деп нақты көрсетілген. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, маңызын арттыру мәселесі қай мемлекетте де өзекті тақырыптың бірі. Өйткені, бүгінгідей ақпараттық заманда қолданысы аз тілдердің жойылып, тарих қойнауына кетіп жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Ал тілдің өлмеуі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы сіз бен бізге тікелей байланысты. Ол үшін әрбір қазақстандық азамат күнделікті өмірде қазақша сөйлеп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға атсалысуы керек.

Тілді құрметтеу дегеніміз, ең алдымен, оны қолдану. Үйде, отбасында, достар арасында қазақ тілінде сөйлесу -ұлтқа жасалған ең үлкен құрмет. Әлеуметтік желіде ана тілімізде ой бөлісу, қазақша кітап оқу-тілдің байлығын арттыруға қосылған кішкентай, бірақ салмақты үлес. Мемлекеттік тілді дамыту –әр азаматтың міндеті. Ол үшін тек сөйлеп қана қоймай, қоғамда қазақ тіліне сұраныс тудыру қажет. Мекемелерге барғанда қазақ тілінде қызмет алуға талап қою, жұмыс орнында құжаттарды қазақша жүргізу-осының айқын мысалы. Балаларды қазақ мектебіне беру арқылы біз болашаққа қызмет етеміз. Қазақ тілінің құдіретін насихаттау үшін ғылымда, өнерде, әдебиетте еңбектену де аса маңызды. Қазақша мақалалар жазу, жаңа сөздерді қолданысқа енгізу, көркем шығармалар арқылы тілдің әуезділігін көрсету-әрқайсысымыздың қолымыздан келетін іс.

Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Сондықтан әрбір қазақстандықтың міндеті-мемлекеттік тілді білу, қадірлеу. Тіл мәртебесі –ел мерейі. Тілсіз халықтың мәртебесін биіктетуіміз қажет.Туған тіліміздің абыройын асқақтату –әрбір азаматтың парызы. Өйткені біздің болмысымыз да, салт-дәстүріміз де, дініміз бен мәдениетіміз де осы тілімізде жатыр.

БҚО,Сырым аудандық соты әкімшісінің бас маманы Г.К.Нұрабалиева

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.