Мемлекетік тілді қолдану туралы
Ақжайық аудандық сотында cот мамандары арасында мемлекеттік тілді қолдану бойынша отырыс өтті.
Отырыста құжат айналым және шығыс құжаттармен, істер бойынша мемлекеттік тілді қолдану тәртіптері талқыланды.
Шара барысында А. Нұрым сот әкімшісінің басшысы, тақырыпқа сай мемлекеттік тілге қатысты қолданумен, дамытуда негізделген ережелерді орындау тәртіптеріне тоқталып, қоғам өміріндегі оның маңыздылығын, іс қағаздарын толтыру барысында мемлекеттік стандарттардың талаптарын дұрыс қамтамасыз етіп құжаттың сапасына назар аудару қажеттігін атап жеткізді.
Сонымен қатар, іс қағаздарын жүгізуде мемлекеттік тілді қолдану барысында нормативтік-құықтық актілер талаптары басшылыққа алынатыны ескертіліп өтті.
Тақырып бойынша қатысушылармен мемлекеттік тілді қолдануға қатысты ереже талаптарын орындау ескеріліп назарға алынды.
Ақмарал Нұрым
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]
