Тілге қатысты семинар өтті
Сот мамандары арасында Ақжайық аудандық сотында мемлекеттік тілге қатысты оның үлесі туралы және мемлекеттік тілді дамыту мәселесі бойынша семинар өтті.
Тақырып бойынша шығыс және ішкі құжат айналым бойынша мемлекеттік тілді қолдану тәртіптеріде талқыланды.
Сот әкімшісінің басшысы А. Нұрым шара барысында тілді қолдану, дамыту аясын жетілдіру мәселесімен, дәрежесін көтеру әрбір азаматтың және мемлекеттік органдардың міндеті екенін және қызметкерлердің мемлекеттік тілді жетік біліп, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу өз дәрежесінде болу қажеттігін, сонымен қатар тіліміздің қоғамның барлық салаларында өз мәртебесіне сай болуы бұл, мемлекеттік мәні бар маңызды мәселе екенін айтып жеткізді. Құжат айналымда шығыс және ішкі құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіліп, тіл мәртебесін нығайтуға ат салысып, заң талаптарына сай тілге қатысты міндеттерді орындау қажеттілігін атап өтті.
Тақыланған тақырып бойынша шараға қатысушылармен тілді қолдануға қатысты талаптарды орындау ескеріліп назарға алынды
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]

3 пікір