Тілдің өркендеуі –тіл тұғырының биіктеуі
Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында мемлекеттік тіліміз бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Бүгінде біз мемлекеттік тілімізді, қазақ тілін нақты дұрыс қолдана алмай отырмыз. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы әрқайсымыз қазақ тілінде сөйлеп, сол тілде жұмыс істеудің өзі бір бақыт екенін білуіміз қажет.
Тіл тұғырының биікке көтерілгені – халық мәртебесінің жоғарылауы.Әр тұлға өз тілінің қадірін біліп, байлығым деп санаса, қазіргі уақытқа дейін тіл мәселесі үлкен қоғамдық мәселе болып, көтерілмеспе еді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жолдауында, бүгінгі күнгі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне баса назар аударған болатын. Алдағы уақытта да туған тіліміздің мәртебесін күшейтіп, ұлтаралық қатынас құралына айналатынын жеткізіп, алдағы жаhандану заманында бұл мәселенің өзектілігі ешқашан жойылмайтынын атап өткен болатын.
Бүгінде мемлекеттік органдардың барлығы да қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықарлық беделін нығайтуға міндетті. «Қанша елдің тілін білсең, сонша ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың және жасанды интеллекттің дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ деп білеміз.Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болып, ол мемлекетіміздің ең маңызды тірегіне айнала беруі керек. Сол себепті, татулық пен тұрақтылықтың негізіндей болған туған тіліміз тұғырлы, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болуы үшін баршамыз тіл мерейінің жоғарылауы үшін әрекет етіп, туған тіліміздің мерейі үстем болуы үшін – елге мемлекеттік тілде қызмет етуіміз керек деп санаймын.
Опиева Қызжібек Мұратқызы
БҚО, Бөкей ордасы ауданы соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]
