Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілі –қазақ тілі
Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында мемлекеттік тіліміз бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Қазақ тілі үшін қабырғасы сөгіле мақала сілтейтіндердің санына жете алмаймыз. Бүгінде біз мемлекеттік тіліміз, қазақ тілін нақты дұрыс қолдана алмай отырмыз.Жалпы құқық саласында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру, қазақ тілінің барлық мемлекеттік ұйымдарда қолданылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде жүргізу бақылауды күшейту, тіл туралы заңнама нормаларының бұзылуын анықтау және мұндай жағдайларды болдырмау қажет. Конституциямыз бойынша, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болса, ұлтаралық қатынастарда орыс тілі қолданылады. Осы заңның барысында қазақ тілі көлеңкеленіп қалды деп абыржитындар аз емес. Расымен де, қазақ тілінің тағдыры да тек қазақтың қолында.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі болғандықтан оныда бағалай білгеніміз орынды болады. Қазақ тілі – ұлттық байлығымыз және атадан қалған асыл мұрамыз. Түркі тілдес елдер арасында біздің тіліміз бай және анықтығымен, сондай-ақ, өзіне ғана тән ерекшелігіменен жоғары дәрежеге ие, қазіргі уақытта қазақ тілін үйрененуге ниет білдірген басқа ұлт өкілдеріне мақтанышпен қараймыз. Қазақстанда тұратын әр азамат қазақ тілінде сөйлесе, төбеміз көкке жетіп қалар еді.
Елбасы көрсеткен межелі уақытқа нәтижелі жетеріміз анық. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында мемлекеттік тіліміз бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Қазақ тілі үшін қабырғасы сөгіле мақала сілтейтіндердің санына жете алмаймыз. Бүгінде тіл туралы ерінбегеннің ерні жыбырлайды, бірақта біз әліде мемлекеттік тілімізді, қазақ тілін нақты дұрыс қолдана алмай отырмыз.
Әрбір қазақ мемлекеттік тілді білуі керек, қазақ тілінде сөйлеуі керек.
Біз Тәуелсіз Қазақстан азаматы болғандықтын, өз тіліміз қазақ тілінде сөйлей білгеніміз орынды деп санаймын.
Зияш Зайнуллина
Бөкей Ордасы аудандық соты әкімшіснің басшысы
[xfvalue_img]