Қаржы пирамидалары: оңай табыс уәдесінің артындағы қақпан

Қаржы пирамидалары: оңай табыс уәдесінің артындағы қақпан

Қазақстанда соңғы жылдары қаржы пирамидаларына алданғандар азаймай келеді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын жалған инвестициялық жобалар мыңдаған азаматты қаржысынан айырып отыр.

Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, 2024 жылы елімізде 42 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған. Олардың кесірінен азаматтарға келген шығын көлемі 20 миллиард теңгеден асты. Соның ішінде 13 миллиард теңгеден астамы зардап шеккендерге қайтарылды. Бұған қоса, интернет кеңістігінде 15 мыңға жуық жалған сайт пен аккаунт бұғатталып, WhatsApp, Telegram, Instagram желілеріндегі 327 чат жабылды.

2025 жылдың алғашқы айларында да жаңа істер тіркеліп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, алаяқтар қазір офлайн кездесулерден гөрі, толығымен онлайн жүйеге көшіп, адамдарды “жылдам инвестиция”, “тез табыс” деген жарнамамен арбауда. 

Қалай жұмыс істейді? 

Қаржы пирамидалары қарапайым схемаға негізделген:

  • Жобаға жаңа қатысушылар тартылады;
  • Олардың салған ақшасы бұрынғыларға “табысың” деп қайтарылады;
  • Нақты бизнес, өнім немесе қызмет болмайды;
  • Жаңа адамдар азайған сәтте пирамида құлап, соңғы салымшылар ақшасыз қалады. 

Кейбірі өзін “инвестициялық компания”, “бизнес-клуб”, “жинақ қоры” деп таныстырып, лицензиясы жоқ болса да заңды ұйым ретінде көрсетеді. 

Неге адамдар сенеді? 

Алаяқтар көбінесе мынадай тәсілдерді қолданады:

  • Жоғары табысқа уәде – айына 30–50 пайыз “пайда”.
  • Таныстар арқылы жарнама – досыңыз немесе туысыңыз кіріп, уақытша аздап пайда көріп, сізді де шақырады.
  • Әлеуметтік желідегі жарнамалар – сәнді өмір салтын көрсетіп, “осындай табысқа жетесің” деп иландырады. 

Психологтардың айтуынша, адамдардың ең әлсіз тұсы – “жылдам әрі оңай ақша табу” арманында. 

Мамандар азаматтарға мына қарапайым ережелерді есте сақтауға кеңес береді:

  • Компанияны fingramota.kz сайтынан немесе AFM Baiqa Telegram-ботынан тексеру;
  • Егер ұйымның лицензиясы жоқ болса – ол күмәнді;
  • “Жаңа адам әкелсең, табысың өседі” деген жүйе – пирамида белгісі;
  • Қауіпсіздік үшін күмәнді жарнамаларға деректер мен төлем картасын енгізбеу. 

Қаржы пирамидалары – тек бір адамның емес, қоғамның да қаржылық қауіпсіздігіне қатер. Арбаудың әдісі заманға қарай түрленсе де, олардың мәні өзгермейді: бұрынғы салымшының “табысы” – кейінгілердің қалтасынан алынған қаражат. Сондықтан әр азамат қаржысын қорғаудың ең сенімді жолы – ақпаратқа сын көзбен қарау және уәде етілген “жеңіл пайдаға” сенбеу.

 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман – сот отырысының хатшысы

Қуандық Т.С.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

  1. аватар
    Айжан 23 августа 2025 14:21

    Мақала қоғамдағы өзекті мәселені көтерді. Осындай мақалалардың көп болғаны жақсы. Мақала үшін рақмет.
    Өмірде жолыңыз болсын!

  2. аватар
    mom 9 сентября 2025 08:35

    I do not even know how I stopped up here, however I believed this post used to be great. I do not recognize who you are but certainly you’re going to a well-known blogger should you are not already Cheers! chat ib

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.