Ата заң мемлекеттің дамуының кепілі
Республика референдумда қабылданған, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен Ата заңымыз – Конституцияға 30 жыл толып отыр.
Қазақстан Республикасы өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Ата Заңы арқылы бүкіл әлемге танытты.
Ата Заң - халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын көксеген армандарын жүзеге асырған, мемлекеттігіміздің алтын қазығы, қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі болып табылады. Еліміздің әрбір азаматы Конституцияның асқақ рухы мен маңызын, тарихын жақсы білуі тиіс. Ата Заңымызды құрметтеу, ондағы қағидаларды бұлжытпай сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын жетік білуіміздің арқасында біз өз елімізді, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз.
Мемлекеттің басты байлығы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан Республикасының Конституциясы егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан заңнамалық акт болды. Ата Заңның қабылдануы Конституциялық құрылыстардың саяси- құқықтық негізін қалады, мемлекеттік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі қағидаттарын орнықтырды. Адам мен азаматтың Конституциялық мәртебесін белгіледі. Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде ұлтына қарамастан, онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес жасалды.
Конституцияны бірауыздан қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын іске асырды. Сөйтіп, біз Ата Заңда негізі құқықтық мемлекеттік және азаматтық қоғамды қалыптастыру жолын таңдап алдық.
Конституциялық нормаларды іске асыру мен қадағалау біздің республика заңының дамуына бағытталады. Конституция біздің саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік экономикалық дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылады.
Қаженов Руслан Сайфетдинұлы
БҚО, Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]

4 пікір