Алқаби - әділет жолындағы азаматтық жауапкершілік!

Алқаби - әділет жолындағы азаматтық жауапкершілік!

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде алқабилер институтының рөлі ерекше. Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» заңына сәйкес, алқаби  - сот тарапынан қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.

Алқаби – бұл қылмыстық істер бойынша сот процесіне қатысып, үкім шығаруға атсалысатын қарапайым азаматтардан құралған алқалы топ. Олар сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтауға көмектеседі. Бұл - халықтың сот билігіне қатысуының нақты көрінісі.

Алқабилерге кандидаттардың бір­­ыңғай тізімі соттың сұрау салуымен Қазақстан Республикасының ақпа­раттандыру туралы заңнамасына сәй­кес ақпараттандыру саласындағы уәкі­летті органның ақпараттық-тал­дау жүйесі және «Электрондық үкімет­тің» ақпараттандыру объектілері арқы­лы электрондық нысанда қалыптас­ты­рылады. Мемлекеттік органдар Қазақ­стан Республикасының заңдарына сәй­кес алқабиге кандидаттардың бір­ыңғай тізімін қалыптастыру үшін ақ­па­раттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесіне мәліметтер ұсынады. Тізімде алқабиге кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, күні мен айы және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі көрсетіледі. Алқабилердiң тiзiмдерiн жасау ке­зiнде 25 жасқа толмаған, өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар, сот әре­кетке қабiлетсiз немесе әрекет қабi­летi шектеулi деп таныған адамдар және психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ете­тін заттарды тұтынуға байланысты бұзы­лушылықтарының себебі бойынша ден­саулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар енгізілмейді. Сондай-ақ судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi де ене алмайды. Алқабиге кандидаттардың тізім­деріне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бо­йын­ша қандай да бiр шек қоюға жол берiл­мейдi. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiнен қылмыстық iс бойынша сот iсi жүргізілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар, өздерінің дене кемiстігі немесе психикалық кемiстiгi салдарынан алқабидiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiз адамдар, 65 жастан асқан адамдар, дiни қызметшiлер өздерiнiң жазбаша өтiніші бойынша алып тасталады.

Алқабидiң өз құқығы, мiндетi және iстi қарауға байланысты оған қойыла­тын шектеулер бар. Сот отырысындағы жалпыға ортақ талапқа бағынумен бірге, алқабилер iстi тыңдау кезiнде сот құрамына кiрмейтiн адамдармен төр­ағалық етушiнің рұқсатынсыз iс бо­йынша сөйлесуге, iстi қарау барысын­да мәлiметтердi сот отырысынан тыс жи­науға, жабық сот отырысына қаты­суына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесiнiң құпиясын бұзуға құқылы емес. Алқаби­дiң өз мiндетiн дұрыс атқармауы, заңда көзделген шектеулердi сақтамауы заң­да белгіленген жауаптылыққа алып ке­леді. Төрағалық етушінің алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттету мүм­кiндігіне әкеп соғады. Төрағалық етуші судья сот отырысы барысында алқа­билерге қойылатын шектеулерді сақтамаған алқабиді сот процесіне одан әрi қатысудан шеттетуі мүмкін. Бұл жағдайда шеттетілген алқабиге айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуы мүмкін.

Алқабиге бюджет қаражаты есебiнен іс бойынша төрағалық етуші судьяның лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерiнде, бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақытына барабар, оның негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төленеді. Алқабиге кандидатқа (алқабиге) iссапар шығыстары да республикалық бюджет қаражаты есебiнен өтеледі. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқару уақыты еңбек өтілін есептеген кезде есепке алынады. Алқабидiң мiндеттерiн атқару кезiнде оның негiзгi жұмыс орны сақталады. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқаруы кезiнде оны жұмыс берушiнiң бастамасымен жұмыстан шығаруға немесе ақысы төмен жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi. Лауазымды адамның, яғни жұмыс берушінің азаматқа сотта алқаби мiндеттерiн атқаруға кедергі келтiруі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің талаптарына сәйкес ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Алқабилердің қатысуымен істің қа­ра­луы сотталушының еркіне байланысты. Егер ол қаласа, алқабимен қаралады, егер қаламаса, онда судья өзі қарайды.

Алқабилер – кәсіби судьялар емес, олар – қарапайым азаматтар. Олар істің мән-жайын тыңдап, өз ар-ұжданы мен ішкі сенімі арқылы шешім қабылдайды. Бұл – сот үкімінің әділетті болуына үлкен үлес қосады. Халық өкілдері сот процесіне қатысқан кезде, соттың ашықтығы мен сенімділігі артады.

Тлемберлиева Алия Артуровна 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің бас маманы

                                                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.