Алқабидің рөлі және алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімі
Алқаби болу Сіздің Қазақстан Республикасындағы облыстық және оған теңестірілген сотында атқаратын құрметті міндетіңіз. Сіз сот төрелігін жүзеге асыру кезінде белгілі тұлғаға айналасыз.
Кінәсіздің сотталуы, не қылмысты жасаған кінәлінің ақталуы, не болмаса, шынайы сот төрелігінің орын алуы, Сіздің өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізден, принципшілдігіңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздан туындайтын ішкі нанымыңызға және Сіздің дәлелдемелерді мұқият зерттеуіңізге негізделетін шешіміңізге байланысты болады.
«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, «заңда көзделген тәртіпте, сотта істі қарауға қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы алқаби болып табылады.»
Алқабиге кандидаттарды іріктеу, сотта жинақталған бірыңғай және қосалқы (жылдық) тізімдерден кездейсоқ таңдау арқылы жүргізіледі, іріктеу аяқталғаннан кейін, алқабилерге кандидаттардың алдын-ала тізімі жасалады. Бұл орайда азаматтар алқабилер міндетін атқаруға қылмыстық іс қаралатын бүкіл уақыт аралығына күнтізбелік жыл ішінде бір рет қана шақырылады.
Сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктелмеген тұлғалар, басқа сот отырысына алқаби ретінде қатысу үшін тартылуы мүмкін.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының
бас маман-сот мәжілісінің хатшысы
Д.Тогайбаева
[xfvalue_img]