Дөңгелек үстел өткізілді
Ақжайық аудандық сотының ғимаратында сотқа түскен талап қою туралы арыздар және материалдардың өсу себептерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Шараға аудандық прокуратура, полиция бөлімінің, кірістер басқармасының өкілдері және адвокат қатысты.
Ақжайық аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Г. Сагитова шараны ашып, тақырып бойынша қатысушыларға сотқа жүгінуге себеп болған заң бұзушылықтарды және ҚР-нан шығуға шектеулерді қолдану, азаматтардың, оның ішінде әлеуметтік осал санаттардағы құқықтарын, бостандықтарымен заңды мүдделерін қорғау туралы, сонымен қатар салық заңнамасын дұрыс қолдану мен тараптарды татуластыру рәсімінің тиімділігін арттыру, шетел азаматтарын ҚР аумағынан шығару туралы талаптардың қаралу себептерін атап, іс, материалдарды қарау барысында заңнамалардың тәртіптерін тиісті түрде қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді.
Аталған мәселелерге тоқталып, негіз болған мән-жайлардың себептерін дұрыс саралап бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстарды жандандыру керектігін атап өтті.
Қатысушылар тақырып бойынша өз ойларын айтып, пікір алмасып алдағы уақытта қандай мәселелер ескерілу қажеттігі назарға алынды.
Ақмарал Нұрым
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]

6 пікір