Мемлекеттік тілді қолдану аясы туралы дөңгелек үстел
Ақжайық аудандық сотының аға сот приставы Г.Г. Сакауов аудандық полиция бөлімінің ғимаратында сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту бағытына арналған дөңгелек үстел өткізді.
Шараға аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары М. Кусайнов, Р. Кенжегереев, тергеушілер, учаскелік және мемлекеттік автокөлік инспекторлары қатысты.
Шара барысында аға сот приставы Г.Г. Сакауов сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану тәртібіне, оның ішінде құқық бұзушыға қатысты хаттама толтыруда орын алған және сот ісін жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді атап, заңды талаптарды тиісті деңгейде қолдану, іс жүргізу тілін дұрыс айқындау тәртіптерін, сонымен қатар тілдің құжатайналымда да қолдану ерекшіліктерін сақтап, мемлекеттік тілдің құндылығын ескеріп қолдану аясын кеңейту мәселесін айтып жеткізді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар шара соңында тілге қатысты мәселелерге тоқталып, жұмыс барысында мемлекеттік тілді қолдану тәртібін сақтауды орындауға алынды.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]
22 пікір