КЕСЕЛДІ ЖОЮ ҚОҒАМ ҮШІН ҚАЖЕТ

КЕСЕЛДІ ЖОЮ ҚОҒАМ ҮШІН ҚАЖЕТ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу, кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмін нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар баршылық.

2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы – соның бірі.

Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары:

1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

2) қоғамдық бақылау институтын енгізу;

3) квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

4) сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты ескерту;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Грек ойшылы Аристотель «Саясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен. Аристотель сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі деп санаған.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық туралы шығыс өркениетінде де айтылған. Әль-Фараби шенеуніктер өз лауазымдарына қабілеттеріне қарай орналасуы қажет деп санаған.

Ежелгі дәуірдің өзінде көрнекті ойшылдардың өзі саламатты дамушы қоғам құруға мүмкіндік беретін ашық және адал қатынастарға шақырған.

Сондықтан жағымсыз үрдістерді жою үшін мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастырды.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекетіміздің Конституциясын және заңдарын сақтауға, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетті қажет етеді.

Ақжайық аудандық сотымен шаралар арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қадам жасалып, оңай олжаның орға жығатынын қызметкерлер санасына сіңіру басты меже болып отыр. Соттарда құқықтық мәдениетті одан әрі арттыру, түсіндіру, қызметкерлерді құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жемқорлыққа тегеурінді тосқауыл қоятынын ұмытпауымыз керек.

Ақмарал Нұрым 

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.