КЕСЕЛДІ ЖОЮ ҚОҒАМ ҮШІН ҚАЖЕТ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу, кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған.
Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмін нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар баршылық. 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы – соның бірі.
Осы стратегия аясында Ақжайық аудандық соты мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жыл сайын дөңгелек үстел, семинар-кеңестер ұйымдастыруды тұрақты қолға алып келеді. Шаралар арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қадам жасалып, оңай олжаның орға жығатынын қызметкерлер санасына сіңіру басты меже болып отыр. Соттарда құқықтық мәдениетті одан әрі арттыру, түсіндіру, қызметкерлерді құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жемқорлыққа тегеурінді тосқауыл қоятынын ұмытпауымыз керек.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.
[xfvalue_img]