Алқабилер тең мәртебеге ие
Алқабилер сотының ерекшелігі - сот төрелігін жүзеге асыруға кәсіби судьямен бірге арнайы құқықтық білімі жоқ, заңда белгіленген шектеулерден өтіп, арнайы таңдап алынған қоғам өкілдерінің қатысуында.
Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» заңына сәйкес, алқаби - сот тарапынан қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.
Алқабиге Қазақстан Республикасының Қылмыстық - процестік кодексiнде белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер берілген және алқабилер тең мәртебеге ие.
Алқабилерге кандидаттардың бірыңғай тізімі соттың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесі және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда қалыптастырылады. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімін қалыптастыру үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесіне мәліметтер ұсынады. Тізімде алқабиге кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы (жасы жиырма бесте болса – қосымша күні мен айы) және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі көрсетіледі.
Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiне жиырма бес жасқа толмаған, өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар, сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар, сондай-ақ судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар енгізілмейді.
Алқабиге кандидаттардың тізімдеріне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi.
Алқабидің заңмен бекітілген құқықтары, міндеттері және істі қарауға байланысты іс-әрекеттеріндегі шектеулер бар. Атап айтқанда, алқаби:
-өзінің iшкi нанымы бойынша iстiң мән-жайын өз бетiнше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға;
-процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға;
-заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жердi және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуiндегi барлық басқа да iс-әрекеттерге қатысуға;
-төрағалық етушiге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етiлген құжаттардың мазмұнын және iске қатысты, өзiне түсiнiксiз басқа да мәселелердi түсiндiрудi сұрап өтiнiш жасауға;
- сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқылы.
Сонымен қатар, алқаби:
- сот отырысында тәртiп сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;
-алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн, сондай-ақ, егер сот отырысында үзiлiс жарияланған немесе істі тыңдау кейiнге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге;
-сотқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, төрағалық етушiге келмеудiң себептерi туралы алдын ала хабарлауға мiндеттi.
Алқаби:
-iстi тыңдау кезiнде сот отырысының залынан кетуге;
-iстi тыңдау кезiнде сот құрамына кiрмейтiн адамдармен төрағалық етушiнің рұқсатынсыз iс бойынша сөйлесуге;
-iстi қарау барысында мәлiметтердi сот отырысынан тыс жинауға;
-жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесiнiң құпиясын бұзуға құқылы емес.
Алқабидiң өз мiндеттерiн атқармауы, сондай-ақ осы бапта көзделген шектеулердi сақтамауы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушінің алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттету мүмкiндігіне әкеп соғады.
Алқабилерге нақты iс қаралып болғаннан кейiн, ал егер iстi қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебiнен сыйақы төленеді және iссапар шығыстары республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде өтеледi.
Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқару уақыты еңбек стажын есептеген кезде есепке алынады және мiндеттерiн атқару кезiнде оның негiзгi жұмыс орны сақталады.
Алқабилер соты институты адам құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады. Өйткені алқабилер соты арқылы халық биліктің сот тармағының қызметіне қатысады, бұл мемлекеттің демократиялық негіздерін көрсетеді.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы
Тұңғатарова Шынар Сүиінғалиқызы
[xfvalue_img]