Алқабилер дегеніміз кім?
Алқаби дегеніміз нақты талаптарға сай келетін, қылмыстық істі қарауға және қатысу үшін сотқа шақырылған, ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Алқабилерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және "Алқабилер туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 Заңында белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер берілген.
Алқабилерге кандидаттарды іріктеу тәртібі
Судья таңдау рәсімді басталғанға дейін алқабилер кандидаттарына процесс тараптарына, қылмыстық істің қаралатындығын хабарлап айтады, алқабилердің қылмыстық істерді қарауға қатысуының тәртібі мен міндеттерін түсіндіреді.
Судья кімді алқаби міндеттеріннен атқарудан босатады:
- Қылмыстың жасалуына сезіктілерді немесе айыпталушыларды;
- Сот өндірісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарды (сотта ілеспе аудармамен қамтамасыз етілмеген кезде);
- Мылқау, саңырау, соқыр және басқа да мүгедектерді (олардың сот отырысына толыққанды қатысуына ұйымдастырушылық немес техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде);
Ауызша немесе жазбаша өтініші бойынша Судья алқаби міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін:
- 65 жастан асқан адамдарды;
- Үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді;
- Өздерінің діни нанымдары бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу, өзі үшін мүмкін емес деп есептейтін тұлғаларды;
- Қызметтік міндеттерін атқарудан алаңдату, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге едәір зиян келтіруі мүмкін тұлғаларды (дәрігер, мұғалім, әуежолдарының пилоттары және т.б.)
- Сот отырысына қатыспауға дәлелді себептері бар өзге де адамдарды.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының сот приставы Ерденов Диас Нургалиевич
[xfvalue_img]