«Мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша семинар
Ақжайық аудандық сотының мамандары арасында құжат айналымында мемлекеттік тілді қолдану туралы семинар сабағы өтті.
Тақырып бойынша шығыс және ішкі құжат айналым бойынша мемлекеттік тілге қатысты мәселелер талқыланды.
Басшы А. Нұрым мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты қолдану, дамыту аясын жетілдіру міндет екенін, сондықтан ішкі және шығыс құжат айналымда, мемлекеттік тілді қолдану аясының талаптарын және деңгейін дамытып қатаң сақтап, құжат айналымдағы кіріс, шығыс, ішкі құжаттар бойынша мемлекеттік тілдің үлесі үнемі ескерілуі тиістілігін айтып жеткізді.
Сонымен қатар іс жүргізу тілін де заң талаптарына сай міндеттерін орындау қажет деп атап өтті.
Тілге қатысты мәселелер шараға қатысушылармен назарға алынды.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]