Аудио-бейне жазба - әділеттілікті қамтамасыз етудің бір жолы
Аудио-бейнежазбалар – бұл дыбыс пен бейнені бір уақытта жазып, сақтап, қайта ойнатуға мүмкіндік беретін технологиялық құралдар. Олар сот саласында, білім беру, мәдениет, өнер, ғылым және күнделікті өмірде кеңінен қолданылады.
Аудио-бейнежазба рұқсатсыз таратылмайды. - Ол тек процестің қатысушыларына ғана қолжетімді болуы мүмкін. - Жазбалар арнайы серверлерде сақталады және сот архивіне тіркеледі.
Сот процесінде аудио-бейнежазбаны қолданудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодексінде сот отырысының барысын міндетті түрде аудио-бейнетіркеу туралы нақты талаптар бар. Мысалы: ҚР ҚІЖК (Қылмыстық іс жүргізу кодексі) 326-бабының талаптарына сәйкес, сот отырысы аудио-бейнежазбаға түсірілуі тиіс. Сотта аудио-бейнежазбаның негізгі функциялары:
- Процестің дәл хронологиясын сақтау. Айыпталушының, адвокаттың, прокурордың және судьяның айтқандары толық жазылады. Бұл даулы жағдайларда нақты дәлел бола алады.
- Құжаттарды сөзбе-сөз қайталау қажеттілігін жояды. Сот отырысының хатшысы толық стенограмма жазбайды, тек техникалық құралдарды тексеріп отырады.
- Жауапкершілік пен тәртіпті күшейтеді. Соттағы әрбір тарап өз мінез-құлқын қадағалап отырады, себебі жазба қайта тыңдалып, бағалануы мүмкін.
- Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Қоғам мен тараптар процеске сенім білдіре алады. Сот құжаттарымен байланыстыру* Аудио-бейнежазба сот үкімінен, қаулыдан немесе хаттамадан айырмашылық байқалса, тараптар бұл жазбаны *нақты дәлел* ретінде ұсынып, шешімге шағым түсіре алады.
Соттағы аудио-бейнежазбаның маңызы:
- Процестің ашықтығы мен әділдігі. Аудио-бейнежазба сот процесінің қалай өткенін дәл және бұлжытпай тіркейді.
- Құқық бұзушылықтың алдын алу. Соттағы барлық қатысушылар өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайды, өйткені олардың сөзі мен әрекеті жазылып тұрады.
- Апелляциялық және кассациялық істерде дәлел ретінде, егер бір тарап сот шешімімен келіспесе, бейнежазба істерді қайта қарағанда дәлел ретінде ұсынылады.
- Тілдік теңдікке мүмкіндік береді. Сот процесі мемлекеттік тілде жүрсе де, аудармашы арқылы басқа тілдегі сөздер де жазылады. Бұл – азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. *Қолданылатын құралдар* - *Бейнекамералар* – залдағы барлық әрекеттерді жазып тұрады - *Микрофондар* – айтылған әрбір сөздің жазылуын қамтамасыз етеді - *Жазба серверлері* – жазбаны сақтау үшін - *Мониторинг жүйелері* – сапаны бақылауға көмектеседі.
Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды деп есептеймін.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандардырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Г.Юсупова
[xfvalue_img]

6 пікір