«Ата Заң - тәуелсіздік тірегі»

«Ата Заң - тәуелсіздік тірегі»

Ата Заң – мемлекетіміздің басты құжаты, тәуелсіздігіміздің тұғыры. Ол – Қазақстан Республикасының құқықтық, саяси және әлеуметтік жүйесінің негізі. Еліміздің даму бағыты мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты айқындап беретін бұл құжат – әрбір қазақстандық үшін қадірлі де қасиетті.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – тарихи маңызды кезеңдердің бірі. Бұл күн – еліміздің егемен ел ретінде өз даму жолын айқындап, демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құрудағы нақты қадамы болды.

Ата Заң – азамат пен мемлекет арасындағы сенім көпірі. Онда адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – ең қымбат қазына деп бекітілген. Конституция әр азаматтың теңдігін, сөз бостандығын, еңбек ету, білім алу, және басқа да негізгі құқықтарын кепілдік етеді.

Сонымен қатар, Ата Заң – еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығының кепілі. Онда мемлекеттің құрылымы, басқару жүйесі, билік тармақтарының өзара әрекеттесу қағидалары нақты көрсетілген. Бұл – тәуелсіздік жылдарында еліміздің бейбіт өмір сүріп, дәйекті даму жолына түсуіне мүмкіндік берді.

Тәуелсіздік пен Ата Заң – егіз ұғым. Егемен елдің өз Конституциясы болуы – ұлттық болмыс пен мемлекеттіліктің нышаны. Ата Заң болмаса, құқықтық мемлекет те болмас еді. Сондықтан әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, оны ұстануы – ел болашағына қосқан үлесі деп санауы тиіс.

Қорытындылай келе, Ата Заң – біздің тәуелсіздігіміздің тірегі ғана емес, ұлт ретінде ұйысуымыздың негізі. Оны көздің қарашығындай сақтау – әрбір қазақстандықтың парызы. Себебі, Конституция – еліміздің ертеңіне апарар сенімді жол.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

әскери сот әкімшісінің басшысы Н.Жунисова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.