«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық түсінігі және түрлері» » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық түсінігі және түрлері»

«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық түсінігі және түрлері»

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, алдын алу шараларын назардан шығармау керек. Оның ішінде процесстік емес қарымқатынасқа мүлдем жол бермеу қажет, ол үшін сот процесстеріне  қатысушы тараптармен тек сот отырысы барысында, сот отырысының залында ғана кездесу, сот ғимаратында қызметтік бөлмелер орналасқан қабаттарда бөтен тұлғалар оның ішінде адвокат, прокурорлардың емін еркін жүруіне жол бермеу қажет.

Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік құбылыс, мемлекеттік қызметкерлер және мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамдардың өздерінің қызметтік биліктерін асыра қолдануы, мәртебесін және өздерінің лауазымдарын пайда күнемдік ниетпен жеке басының қамын ойлау және белгілі бір тұлғалардың жағдайын жасау болып табылады.

Жауапкершілікке тартылуына байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар төмендегі түрлерге бөлінеді:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық іс-әрекеттер жасау;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
  3. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәртіптік  теріс қылық жасау;
  4. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар.

Мемлекеттік қызметкерлер мен еліміздің азаматтары сыбайлас жемқорлық үшін әлеуметтік және қылмыстық жауапкершілікті түсінуі қажет.

Қылмыстық жауапкершілік пара беру, алу, делдалдық, жәрдемдесу және пара беруге арандату үшін көзделген.

Лауазымды адамға пара бергені үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 367 бабы) 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген (егер пара аса ірі мөлшерде болса-бұл 10 мың АЕК-тен астам), сондай-ақ мүлікті тәркілеу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру, әскери атақтардан, сыныптық шендерден, мемлекеттік наградалардан айыру және т. б. сияқты елеулі айыппұлдар мен қосымша санкциялар қарастырылған.

Қазіргі жағдайда біз қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жетеміз. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, халықтың белсенді қатысуымен ғана мүмкін болады. Әділ және мәдени қоғамда өмір сүру және өз балаларыңызға да осындай қоғам құру үшін өзіңізден бастаңыз «пара бермеңіз және пара алмаңыз», адал болыңыз және болашақ ұрпақты әділ және айналасындағыларға адал болуға тәрбилеңіз.

Қорыта келе айтарым, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, алдын алу шараларын назардан шығармау қажет.

Оның ішінде процесстік емес қарым қатынасқа мүлдем жол бермеу қажет, ол үшін сот процесстеріне қатысушы тараптармен тек сот отырысын барысында, сот отырысының залында ғана кездесу, сот ғимаратында қызметтік бөлмелер орналасқан қабаттарда бөтен тұлғалар оның ішінде адвокат, прокурорлардың емін еркін жүруіне жол бермеу қажет.

Жұмыс уақыты мен жұмыстан тыс уақытта да таныстықта абай болып - мемлекеттік қызметкерлерге қойылған барлық талаптарын бұлжытпай сақтау тиіс.

Сот ұжымында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұйымдастырушылық және профилактикалық сипаттағы іс шаралар ұжымымызда үнемі жүргізілу тиіс.

А.Батырханов 

Ақмола гарнизоны

әскери сотының судьясы                                                        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.