Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте

Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарымыз тоқсаныншы жылдарға қарағанда әлдеқайда «қазақша сайрап тұр» десек болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы.

Конституциямыздың  жетінші  бабының  бірінші  тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тілі – қазақ тілі деп анық жазылған. Ата Заңымыздан туындаған тіл туралы Қазақстан Республикасының  заңында  да берік қамтылған. Тілге біздің елде шектеу қойылмаған. Әркім қай тілде сөйлегісі келеді өзі шешеді. Өз қазақ тіліңде таза,  жақсы сөйлеу  әрине ғанибет, ал өзге тілді жетік меңгеру ол үлкен жетістіктердің бірі.  Жалпы тілге деген құрмет  адамның отбасынан бастау   алады, ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Есейген соң өз ұлтының тілін бойына  сіңіріп еркін сөйлейді. Сондықтан  от басынан алған тәлім тәрбие, тілдік  қарым қатынас   адамды одан ары қарай жетелейді.Тіл- адам қатынасының маңызды құралы. Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ дегендей, қазақ тілінің қадір қасиетін  өзгеден бұрын өзіміз жете  түсінуіміз қажет, оның мәртебесін жоғары ұстауымыз керек.    Біз өзге тілді үйренгендей , басқа елдерде біздің тілді үйренуге  талпынатындай болуға күш жігерімізді салуымыз керек, себебі халық пен халықты  байланыстыратын көпір - тіл. Ана тілді құрметтеп, ана тілде сөйлегенің ең алдымен өз ұлтыңды, еліңді   сыйлағаның, Қазақ тілі-  біздің рухани негізіміз. Сондықтан  біздің міндетіміз оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту.

Қазақ тілі бай тіл екенін өзге ұлт ғалымдары әлде қашан дәлелдеген. Қазақтың бір сөзінің бірнеше баламасы бар. Осындай бай тіліміз біздің бар байлығымыз екенін мақтанышпен айтып жүрсек бізді қолдаушылар көп болады. Қолдаушымыз көп болса, ана тілімізге деген құрмет молынан болады. Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.

Сот ісін жүргізу тілі Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 бабының 2 тармағымен бекітілген.

Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады.

Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

Еліміздің қолданыстағы заңнамасында көрсетілгендей, іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамға сот құжаттары өзінің ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.

Г.М.Юсупова

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

соты әкімшісінің  жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.