Тіл-қоғамның  айнасы

Тіл-қоғамның айнасы

Конституциямызды 7 бабының 1 тармағында ҚР мемлекеттік тілі-қазақ тілі деп анық жазылған, Ата заңымыздан туындаған тіл туралы Қазақстан Ресупбликасының заңындада берік қамтылған.Тілге біздің елде шектеу қойылмаған. Әркім қай тілде сөйлегісі келеді өзі шешеді. Өз қазақ тілінде таза, жақсы сөйлеу әрине ғанибет, ал өзге тілді жетік меңгеру ол-үлкен жетістіктердің бірі. Жалпы тілге деген құрмет адамның отбасынан басталады, ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Есейген соң өз ұлтының тілін бойына сіңіріп еркін сөйлейді. Сондықтан отбасынан алған тәлім-тәрбие тілдік қарым-қатынас адамды одан әрі қарай жетелейді. Тіл-адам қатынасының маңызды құралы. Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ дегендей, қазақ тілінің қадір – қасиетін өзгеден бұрын өзіміз жете түсінуіміз қажет, оның мәртебесін жоғары ұстауымыз керек. Біз өзге тілді үйренгедей, басқа елдерде біздің тілді үйренуге талпынатындай болуға күш-жігерімізді салуымыз керек, себебі халық пен халықты байланыстыратын көпір-тіл. Ана тілді құрметтеп, ана тілде сөйлегенің, ең алдымен, өз ұлтыңды, еліңді сыйлағаның, қазақ тілі-біздің рухани негізіміз. Сондықтан біздің міндетіміз-оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Тіл қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың жаны, әрі ары.

Тіл тағдыры-тұтас ұлттың тағдыры.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов : «Ұлттың сақталуына да, жоғалуынада себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзіде жоғалады»,-деген еді. Бір ғасыр бұрын айтылған Алаш арыстарының бұл сөздері дәл бүгінгі заманның да тамыр бүлкілін дөп басып тұрғандай.

А.Искакова 

Жаңақала аудандық соты

әкімшісінің басшысы                               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.