Буллинг мәселесі және оның жауапкершілігі

Буллинг мәселесі және оның жауапкершілігі

Буллинг сөзінің қазақша баламасы «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегенді білдіреді. Агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі – буллинг деп аталады. Оны жасаушы күшпен де, сөзбен де кемсітуі мүмкін және бұл әрекетін бірнеше рет қайталауы мүмкін.

Қоғамда буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады деген қате түсінік бар. Ал шын мәнінде кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында буллингпен ұшырасуы мүмкін.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар сөзбен қорқыту, күш көрсету, реляцион және кибернетикалық буллинг.

Қазіргі таңда оқушылар арасындағы буллинг түрі жиі кездесетін болғандықтан, толығырақ тоқталайық.

Мектептегі буллингке көбіне агрессивті, ызақор балалар қатысады. Олар буллинг жасауды алдын ала жоспарлайды. Белсенді түрде қорқытумен айналысатын балаларда мақсатты аңду, нақты және сенімді сөйлеу, өзін сенімді ұстау, батылдық сияқты әлеуметтік құзыреттіліктері дамыған және ол құрбанының эмоцияларын жақсы түсінеді. Тек оларда аяушылық, жанашырлық сияқты сезім дамымаған. Басқа оқушының көңіл күйінің қандай болатынына еш ойланбайды, буллингтің құрбаны болу дегенді түсінбейді. Көбінесе баланың өтпелі кезеңінде жасөспірім балаларды жіті бақылауда ұстаған жөн.

Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) – ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

А.Мендалиев, Жаңақала аудандық соттар әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.