Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы coт жүйесі— бұл Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар.
Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
1.Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);
2.Аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).
3.Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа соттар құрылуы мүмкін.
Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтін Астана халықаралық қаржы орталығы сотының ерекше мәртебесі болады.
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі— ҚР Жоғарғы Сотының және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
Сот әкімшілігінің басшысын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуымен және Жоғары Сот Кеңесімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Міндеттері: сот әкімшілігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сот төрелігін тәуелсіз жүзеге асыру үшін қажетті әрі жеткілікті жағдайлар жасау, сот жүйесін және соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу.
Утегенова Ажар Тасболатқызы
Орал қаласының мамандандырылған
тергеу соты әкімшісінің жетекші маманы
[xfvalue_img]