Қазақстан Республикасында сот жүйесі
Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді.
Сот билігінің негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қайтару, құқықтық тәртіпті және заңды бұзғандарды жазалау.
Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды.
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
- облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);
- аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).
Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар.
Сондай-ақ, соңғы жылдары «Түнгі соттар», «Отбасылық соттар», «Татуластырушы судьялар», «Татуластыру орталықтары», «Соттардағы фронт-кеңселер» және тағы басқа ондаған жобалар жүзеге асырылды.
Сот ғимараттарында адвокаттар, медиаторлар үшін арнайы кабинеттер ашылып, жұмыс атқарып келуде.
Қазақстан Республикасында кейінгі кезге дейін сот процестері сот залдарында тараптардың барлығының қатысуымен қаралып келді.
Пандемия кезінде де елімізде сот жүйесі карантинге қарамастан, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Ақпараттық технологияның арқасында сот процесі қашықтан жүргізу форматына жедел көшіріліп, қаралып келді. Бұл ұтымды әрі оңтайлы шара болды.
Ағымдағы жылдан бастап Қазақстан Республикасында арнайы сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні, маусым айының 24 болып бекітіліп тойлануда.
БҚО бойынша Сырым аудандық сотының бас маман сот мәжілісінің хатшысы А.Т.Ишангалиева
[xfvalue_img]