«Е-өтініш»-қызметі
«Е-өтініш» -азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған ақпарттық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда барынша кең таралып электронды жүйе арқылы тиімді жүргізіліп келеді. Адамдардың «Е-өтініш» жүйесін қолдану ең бірінші уақытын үнемдеу, тиісті түрде арызына жауап алу, ақпараттық айналымда тез жүргізілуді, қамтамасыз етеді.
«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі өтініштермен жұмыстың барлық процестерін цифрландыру келесіні қамтмасыз етеді:
-өтініштерді мемлекеттік органдардың құзіреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтау;
-мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру есібінен өтініштерді қарау мерзімін қысқарту;
-мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасын қалыптастыру.
Сонымен қатар, «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жүйесін жүргізуге және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға жүктемені азайту, типтік жағдайлар бойынша қағазбастылық пен төрешілдікті болдырмау мақсатында жаңадан жүйелер қалыптасуда.
Уюмдасова Альмира Аскаровна
Орал қаласының мамандандырылған
тергеу соты әкімшісінің бас маманы
[xfvalue_img]