«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетті»
Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін дайындау жұмысы аяқталып, ақпараттық жүйеге биыл шілде айында қосылды.
2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын жолдады. Онда азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойған еді.
Осыған орай, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленді.
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қойып, биыл оны барлық мемлекеттік органның жұмысына енгізді. Бұл, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдар жұмысына баға беруге жол ашатын жүйе. Жүйе арқылы мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі. Сонымен қатар жұмысты жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.
Халықтың арыз-өтініші «Е-Өтініш» базасына еніп, оның орындалу барысы жайлы мәліметтер сонда жинақталады. Енді мемлекеттік орган өтінішті қараған кезде басқа органдар тарапынан қандай шешімдер қабылданғанын көре алады. Басты ұстаным – азаматтардың өтінішіне сапалы жауап беру болып табылады.
Азаматтар «Е-Өтініш» бір тұтас ақпараттық жүйесі арқылы өз өтінішінің мемлекеттік органдарда қаралуы барысын қадағалай алады. Және дәлелдер келтіріп, оларды зерделеуге қатысып, түсініктеме беру, қажетті құжаттарды ұсыну құқығына ие болады.
– Егер мемлекеттік органнан алған жауабына қанағаттанбаса, одан жоғары сатыда тұрған органға шағым келтіруге, одан кейін шешім қабылдаған мемлекеттік органды талап-арызбен сотқа беруге құқығы бар.
Бүгінгі таңда тиімді жүзеге асырылып жатқан «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге, мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға, өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға және мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жүйе арқылы мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі және жұмысты жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін оңтайландырады.
Демек, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетті. Яғни, азаматтар сот органдарына шағымын жеткізу үшін есіктен есікке жүгіріп құжат жинамайды. Арыздарын Е-өтініш ақпаратық жүйеге жүктейді.
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының бас маманы
Г.Торжимбаева
[xfvalue_img]
9 пікір