Сот мемлекеттік мекемеге үйдің жартысын талап қоюшыға тіркеуге міндеттеді » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Сот мемлекеттік мекемеге үйдің жартысын талап қоюшыға тіркеуге міндеттеді

Сот мемлекеттік мекемеге үйдің жартысын талап қоюшыға тіркеуге міндеттеді

Жетісу облысы Қаратал ауданының тұрғыны Үштөбе қаласынан әйелімен ортақ меншік ретінде тіркелген тұрғын үйді сатып алған.
◾ Неке бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылар мүлікті бөлу туралы сотқа талап қоюмен жүгінген.
◾ Алматы облысы (қазіргі Жетісу облысы) Қаратал аудандық соты тұрғын үйді бұрынғы күйеуінің атына жер телімімен қалдырып, оны бұрынғы әйеліне үйдің жарты құны – 940 мың теңгеден астам соманы төлеуге міндеттеген.
◾ “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының филиалы үйдің даулы жартысын талап қоюшының атына тіркеуден бас тартқан, содан кейін ол бұл шешімге келіспей, сотқа шағымданған.
◾ МАӘС-ы істі қарай келе, үй мен жер телімі бұрын ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ретінде тіркелгендіктен, мүлікті тіркеуден бас тартқан мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп тапқан.
◾ Талап қоюшы ұсынған, оның бұрынғы әйеліне тиесілі мүліктің екінші жартысына құқығын растайтын құжаттар мүлікті бөлу туралы сот шешімінің орындалғанын куәландырады.
◾ Осыған байланысты сот «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалына сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде үйдің жартысын мемлекеттік тіркеуден өткізуді міндеттеді.
◾ Мемлекеттiк орган осы мiндеттеменiң орындалғаны туралы сотқа хабарлауға мiндеттi.
◾ Сот шешімі көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда, сот жауапкерге орындауға жататын бір айдан аспайтын уақытты көрсете отырып, 50 АЕК мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға құқылы.
◾ Қаулы заңды күшіне енді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.