Тұрғын үй туралы дауды сот шешті
Елорданың Алматы аудандық соты Б-ның «А» мемлекеттік мекемесіне жалға берілетін тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
2003 жылғы қарашада жауапкердің теңгеріміне қабылдау-тапсыру актісі негізінде 4 тұрғын үйден тұратын тұрғын үй кешені берілді.
2004 жылы тұрғын үй комиссиясының отырысы тұрғын үйі жоқ қызметкерлердің тізімі негізінде талап қоюшының жұбайына жалдау шартын жасауынсыз пәтер берген.
2012 жылы талап қоюшы мен оның жұбайы арасындағы неке бұзылды.
2 жылдан кейін жауапкер мен талап қоюшының бұрынғы жұбайы арасында басқа мекенжай бойынша 4 бөлмелі пәтер түрінде қызметтік тұрғын үйді жалдау шарты жасалды, онда ол жаңа отбасымен бірге тұрады.
2016 жылы жоғарыда аталған пәтер жекешелендірілді.
Талап қоюшы ажырасқаннан кейін балаларымен бірге тұратын даулы пәтер жедел басқару құқығында жауапкерге тиесілі.
Пәтерді жұмыс берушімен шарттық қатынастар шеңберінде қызметтік тұрғын үй ретінде бұрынғы күйеуі Б- ға берілгендіктен, ол талап қоюшының жекешелендіруіне жатпайды.
Сот шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]
18 пікір