*Сот заңсыз орнатылған трансформаторды алып тастауды міндеттеді *
◾️ 2021 жылдан 1000 шаршы метр жер телімі Қызылорда қаласының тұрғынына тиесілі болған, сол жер теліміне 2015 жылы «РЭК» АҚ 0,4 кВ трансформаторлық қондырғы орнатқан, сондай-ақ оларға қосылған төрт сымы бар тіректер орнатылған.
◾️ Трансформатор заңсыз, қажетті құжаттарсыз орнатылғандықтан, учаскенің иесі тиісті органдарды алып тастаулы міндеттеу туралы талап қоюмен сотқа шағым түсірген. Сондай-ақ әкімдік қондырғыны басқа жерге көшіру мүмкін болмағанын хабарлаған.
◾️ Талап қоюшы өзіне тиесілі жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысына арналғанын, ал трансформатор құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп жатқанын атап көрсеткен.
◾️ Сот істі қарап, оның ішінде көшпелі сот отырысы барысында қарай келе, мамандар берген ситуациялық схемаға сәйкес, «РЭК» АҚ-ның 23 трансформаторының біреуі талап қоюшының жер теліміне қарама-қарсы беттегі көше бойында орнатылуы тиіс екенін анықтаған.
◾️ Алайда, аталған аумақта көлік жүруге арналған жол болғандықтан, трансформатор талап қоюшының жер теліміне қойылған, дегенмен, бұл жоспарға сәйкес келмейді.
◾️Қызылорда қалалық соты көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, талап қоюды қанағаттандырып, «РЭК» АҚ-на талап қоюшының жер телімінің алдына орнатылған трансформатор кіру-шығуға кедергі келтіретіндіктен оны бұзуды талап еткен.
◾️ “РЭК” АҚ бұл шешімге қатысты апелляцияға шағым түсірген.
◾️ Қызылорда облыстық соты іс материалдарын зерделей келе, трансформатор орнатудың заңсыздығын растады.
◾️ Бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылып, «РЭК» АҚ-ның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
[xfvalue_img]