КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әр Жолдауында заң мен тәртіп қағидатына үнемі тоқталып отырады. Күні кешегі «Ана тілі» газетінде шыққан «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында да заң саласында қолға алынған реформаларға кеңінен тоқталып кетті. Дәлірек айтсақ, «2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Осылайша, азаматтар мемлекеттік органдар тарапынан бұзылған өз құқықтарын қорғай алады. Біз биыл да халықтың үміті мен мүддесін және елімізді дамыту жолындағы басымдықтарды негізге ала отырып, құқық қорғау жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз» деген еді.
Қазақстанның құқықтық жүйесі соңғы жылдары бірқатар маңызды өзгерістер мен реформаларды бастан өткеруде, солардың бірі – кассациялық соттардың құрылуы. Бұл реформа әділетті сот жүйесін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған. Кассациялық соттар сот жүйесінде жаңа деңгей ретінде әрекет етіп, сот актілерін қайта қарауға және заңды қадағалауды күшейтуге жол ашады. Қазақстанда енгізіліп жатқан кассациялық соттар – сот жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа инстанция. Олардың негізгі міндеті – әділдікті қамтамасыз ету, қателіктер мен заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ апелляциялық соттардың шешімдерін қайта қарау мүмкіндігін ұсыну.
Кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру. Олар апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды. Бұл жаңа инстанция сот қателіктерін түзетіп, заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кассациялық сот сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды; сот практикасын зерделейді және оны жалпылау қорытындысы бойынша төменгі сот сатыларының сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін қарайды; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Кассациялық соттар сот шешімдерін қосымша тексеру арқылы заңдылық пен әділдікті орнатады. Бұл инстанция сот қателіктерін анықтап, дұрыс емес шешімдерді түзетуге мүмкіндік береді.
Қызжібек ОПИЕВА,
Бөкейорда аудандық сот әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]