Әдеп кодексі судьялар үшін  бұлжымас қағида

Әдеп кодексі судьялар үшін бұлжымас қағида

Судья Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалатын әрі мәртебесі мен атқаратын қызметі судьялар туралы Конституциялық заңмен айқындалатын лауазымды адам.

Жаңа Қазақстанның сот жүйесінде судьялардың моральдық- адамгершілік бейнесінің мінсіз болуы аса маңызды. Өйткені құқықтық қатынастар неғұрлым тереңдеп дамыған сайын судьяларға деген талап та арта түсетіні белгілі. Сондықтан да бүгінгі таңда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс сот саласындағы реформаның маңызды бағытына айналуда.

Осыған сәйкес 2024 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы судьяларының IX сьезінде Судья әдебі кодексі (бұдан әрі - Кодекс) жаңа редакцияда қабылданды.

Осы Кодекс  барлық судьялар үшін өзінің қызметтік және қызметтен тыс іс-әрекеттерінде міндетті болып табылатын әдеп нормаларын белгілейді. Кодекс ережелері судьялардың жалпы азаматтық құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір шектеулер белгілеуді мақсат етпейді және  судьяларға тәртіптік жаза қолдану болып табылмайды.

Кодекстің негізгі нысанасы: судья қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде судья әдебіне қайшы келетін теріс қылыққа жол бермеу, судьяның процестік заңнаманы қолдануымен байланысты іс-әрекеттеріне шағымдарды, өтініштерді шешу. Мұндай материалдар судьялар қоғамдастығының органдарына келіп түскен жағдайда  Қазақстан Республикасы Судьялар одағының филиалдары жанындағы Судья әдебі жөніндегі комиссиялар       (бұдан әрі - Комиссия) туралы ережеде және Қазақстан Республикасының Судьялар одағы Орталық кеңесінің регламентінде көзделген тәртіппен Сот жюриіне беріледі.

Жаңа Кодекс бойынша судья лауазымына қойылатын талаптарға біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, Кодекс                5 тарауды қамтиды. Соның ішінде ең негізгі тарау:

- қызметтік іс-әрекетті орындау кезінде әдеп нормаларын сақтау жөніндегі талаптар;

- жария, ақпараттық, қоғамдық қызметте және қызметтен тыс қатынастарда әдеп нормаларын сақтау жөніндегі талаптар туралы.

Осы талаптар Кодекстің ескі редакциясында жалпылама, қысқаша көрсетілсе жаңа редакцияда нақтыланған.

Атап айтқанда, судьяның сот талқылауы барысындағы әдеп нормаларын сақтауы нақтылы көрсетілген. Яғни, судья - әдепті, сыртқы келбетін, сот отырысын тиісінше жүргізу мәдениетін, сондай-ақ тәртіпті сақтауға, процестің барлық қатысушыларына және сот қызметкерлеріне құрметпен қарауға міндетті. Осы ретте судья тараптардан, сот қызметкерлерінен және процеске қатысып отырған басқа адамдардан да сондай мінез-құлықты талап етуге тиіс. Кодексте судья өзінің мінез-құлқымен судьялардың шыншылдығына, адалдығына, сатылмайтындығына және бейтараптылығына қоғамның сенімін қалыптастыратындай әрекет етуге тиіс деп көрсетілген.

Сонымен қатар, судьяның баспасөзде, онлайн-платформаларда, әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау кезінде жеке тәртібімен ұстамдылық танытуға тиіс екендігі атап көрсетілген.

Судьяның қызметтік іс-әрекетті атқаруы кезінде әлеуметтік желілерді немесе хабар алмасу сервистерін пайдалануы (мысалы, істі онлайн форматта қарау) заңнама талаптарына ғана емес, әдеп нормаларына да сәйкес келуге тиіс.

Судьялардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты емес электрондық түрде және желіде сөйлесулерін қоса алғанда, күнделікті өмірде адамдармен жеке қарым-қатынастарда әдептілікті сақтауы қажет екенін де атап өткен жөн.

Аса назар аударуға жататын тағы бір мәселе Кодексте судьяның өз отбасы мүшелерінің материалдық (мүліктік) мүдделері туралы хабардар болуы, отбасы мүшелерінің судьяның сот төрелігін іске асырумен байланысты қызметіне араласуына, сот төрелігін іске асыруы барысында тәуелді ететін қандай да бір игіліктерді қабылдауға немесе талап етуге жол берілмейтіні туралы талап қойылған. Сондай-ақ интернетте ақпарат пен суреттерді орналастыру және жіберу кезінде судьяның абыройына және жалпы сот жүйесінің беделіне нұқсан келтірілмеуге тиіс.

Айта кету керек, кей жағдайларда интернет ақпараттарында судьялардың демалыс орындарында, жиын-тойларда түскен суреттері ұшырасып қалады. Бұл көрініс барлық қоғам мүшелеріне ұнамауы мүмкін.  Сонымен қатар, мұндай жағдайлар қоғамда теріс пиғыл, басқаша көзқарас тудыруы да ықтимал. Сондықтан судьялар әрқашан әдеп нормаларын сақтап жүруі қажет.

Судьяның кәсіби мәдениетіндегі адамгершілік қасиеттер сан қырлы және өзіндік тұрғыдан жүйеленген. Оның ішкі даму логикасымен қатар өзіндік заңдылығы да бар.     

Олар көп жағдайда судьяның кәсіби қызметі барысында көрініс табады. «Кәсіби мәдениет – бұл судьяның нормативтік құқықтық актілердің
мазмұнын білуі ғана емес, сонымен бірге жалпы мәдениеттің ажырамас бөлігі.

Судьяға қойылатын моральдық, әдептік талаптар оның іс жүргізу және құқықтық міндеттерімен тығыз байланысты. Судья тек өз ісінің маманы ғана емес, ең алдымен адамгершілігі мол, адал әрі үлгі тұтарлық адам болуы керек. Мұндай судья заң шегінен ешқашан шықпай, әрдайым әділ шешім шығарады.  

Сондықтан судьялар барлық жағдайда да жақсылық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек. Мемлекет пен жалпы қоғам тарапынан судьяларға осы қасиеттерді дарыту, біліктілігін қалыптастыру міндеті қойылады.

Жаңа Кодексте, атап айтқанда, арнайы 6-бапта судьяның қауымдастықтар мен бірлестіктерге қатысу тәртібі көрсетілген. Судьялар қоғамдық бірлестіктер құрып, олардың мүшесі бола алады, бірақ саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың қатарында бола алмайды, қандай да бір саяси партияларды жақтамайды.

Осы талаптың негізгі мақсаты – судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптылығына қатер төндірмеу үшін судья саяси мақсаттарды қолдауға қаражат жинау бойынша қоғамдық іс-шараларға қатыспауға тиіс. Бұл оның беделіне және кәсіби қызметіне кері әсер
етуі мүмкін. Яғни судья қызметтен тыс кезде ұқыптылық пен сақтық танытса мұның өзі оның қызметтен тыс мінез-құлқы бойынша таза бейнесін айқындайды.  
Жоғарыда айтылған мән-жайларды қорыта келгенде ол кәсіби мәдениетінің басты өлшемі ретінде құқықтық нормаларды білумен әрі оны қолданумен қатар адамгершілік, моральдық құндылықтарды өзінің өмірінің басты қағидатына айналдыруы қажет.

Сондықтан болашақ судьяларды қызметке қабылдау барысында әдеп
мәселесіне ерекше назар аударған дұрыс болады. Сонымен қатар, судьялар арасында кәсіби мәдениет, әдеп, адамгершілік тақырыптарына арнап  конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіп тұру сот реформасын
тереңдете түсуге де ықпалын тигізеді деген ойдамын.

 

Б. Бияхметова,

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы жанындағы Судья әдебі жөніндегі комиссияның мүшесі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.