Судьялық әдеп кодексі талқыланды
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы аудандық сотында судья және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Судьялық әдеп кодексін қолдану және түсіндіру» барысында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Судьялық әдеп кодексі Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде 2016 жылғы 21 қарашада қабылданды. Кодекс жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың әдеп қағидаларын белгілейді.
Судья берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез-келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс–тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс.
Судья өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге, кімнен шыққандығына қарамастан қорқытуға, қысым жасау мен құқықтық емес әсерлерге, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұру қажет.
Судьялардың этика нормаларды сақтауы сот төрелігін сапалы атқарумен қатар, сот жүйесі қызметінің өзекті бағыттарының бірі. Судьялардың қызмет барысында "Судья әдебі кодексіне" сәйкес, этикалық нормаларды сақтай отырып, тәуелсіздік, объективтік, сот төрелігін іске асыру кезінде сыбайластыққа жол бермеу қажеттігі талқыланды.
БҚО, Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Зияш Зайнуллина
[xfvalue_img]
23 пікір