Судьялардың Судья әдебі кодексі және сыбайлас жемқорлықтың  алдын-алу нормаларын сақтауы

Судьялардың Судья әдебі кодексі және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу нормаларын сақтауы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары ішінде  еліміздің сот жүйесі халықтың соттарға деген сенімін нығайтуға, дербес және мықты сот жүйесінің құрылуына бағытталған айтарлықтай  өзгерістерді бастан кешірді.

Судья қызметіндегі құқық және әдепке қатысты талаптар бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Құқықтық реттеу ең алдымен тиімді сот төрелігін іске асырумен байланысты практикалық сұрақтарды шешеді.  Сот әдебінің өрісі мінсіз көрініспен ұштасатын кәсіби судьялар қоғамдастығымен әзірленген нормалар мен құндылықтарға негізделеді.

Елбасымен 2015 жылы бекітілген «100 нақты қадам – Ұлт Жоспары» аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша сот жүйесінің алдына бірқатар тапсырмалар қойылған. Аталмыш тапсырмалар негізінде еліміздің құқық өрісінде түбегейлі өзгерістер орын алды.

2016 жылғы 21 қарашада өткен республика судьяларының VII съезінде Елбасы соттармен жүргізілген жұмыстарға оң баға берді. Жаңа процессуалды ережелер мен құқықтық институттар, сондай-ақ кадрларды іріктеу мәселесінің жаңа жүйесі өзінің жарамдылығын растады.

Сондай-ақ, съезд жұмысы барысында әрекет етуші және отставкадағы судьялардың мінез-құлықтарының этикалық нормалары бекітілген жаңа әдеп кодексі қабылданды.

Кодекс ережелерінің басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы  және Ата заңмен бекітілген судьялардың тәуелсіздік қағидаттарымен тікелей ұштасады.

Кодекс жалпы қазақстандық қоғамның сот жүйесіне деген оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында қабылданды.

Кодексте судьялардың кәсіби шеберлікпен қатар, сот төрелігін іске асыру барысындағы, сондай-ақ күнделікті өмірдегі мінез-құлқы, әріптестері, туған-туысқандары, жолдастарымен қарым-қатынасы негізінде оң бейнені қалыптастыратын қағидаттар берілген.

Көп жағдайда қоғамдық қарым-қатынастар құқық пен заң шеңберінде реттелетіндіктен, адамгершілік пен әдеп мәселелері артта қалып жатады. Аталмыш кодекс талаптары судьялардың қоғам алдындағы оң көзқарасты бейнені қалыптастырудың нақты ережелерін қамтып, құқықтық мемлекет үшін маңызды, әрі мардымды  құжаттар қатарына енді.

Қоғам тарапынан судьяларға деген аса назар аударушылықтың туындауынан, судьялардың әдеп кодексінде өзге құқықтық актілерді көрсетілмеген жұмыс барысында, сондай-ақ қоғамда өзін-өзі ұстауға қатысты көптеген ережелер қабылданды.

Судья лауазымы сот беделін түсіретін теріс пиғыл келтіретін іс-әрекеттерден  аулақ болуы тиіс. Ол өзінің кәсіби міндеттерін атқару үстінде заңға сүйенуі, құқыққа қайшы келетін қысымға бой бермеуі, сот процесіне жанама түрде кедергі келтіртпеуге тырысуы тиіс.

Судья ең алдымен сот отырысын жүргізу мәдениетін қамтамасыз етуге, сотқа қатысушы тараптан осы мәдениетті ұстануын сыпайы түрде сұрауына және сот төрелігінің әділдігіне күмән келтіретін мән-жайларға жол бермеуге мүмкіндігінше жағдай жасауы тиіс.

Көп жағдайда қоғам судьяларға кодекспен берілген талаптарды біле бермейді. Сырттан көз тіккен қарапайым адам үшін ұшы-қиыры жоқ талаптар мен шектеулер қойылған судья бейнесі халық санасында тек әділдікті ту етіп, заң шеңберінде құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, сот төрелігін жүзеге асырушы тұлға ретінде қалыптасқан.

Судьялар заңды күшіне енбеген сот актілеріне қатысты ой-пікірлерін білдірмеуі тиіс, заңдар мен нормативті құқықтық актілерге қатысты сыни көзқарасты пікірлерден келтірмеуі, әрі діни көзқарасын көрсетпеуі қажет. Судья қоғамдық орындар мен қоғамдық іс-шаралардан бойын аулақ ұстауы қажет. Судьяның процеске қатысушы тараптармен процессуалдық емес байланысқа түсінуі жол берілмейді.

Кодексте сондай-ақ, судьяның кәсіби қызметі саяси партиялардағы мүшелікпен немесе саяси мақсатты көздейтін қоғамдық бірлестік жұмысымен үйлеспейтіндігі айтылған. Судьяға осындай қоғамдық бірлестіктерді қолдау мақсатында сөз сөйлеуге, олардың қызметі жайлы пікір білдіруіне болмайтындығы қоса айтылған.

Судьялардың теріс іс-әрекеттеріне және әдеп кодексінің нормаларын сақтауына қатысты судьяларға баға беру Сот әдебі жөніндегі комиссияға жүктелген. Кодекс ережелерін бірнеше рет бұзған судьяға қатысты мәселе Сот әдебі жөніндегі комиссияда қаралуға алып келеді. Комиссия қорытындысының негізінде судьяның іс-әрекеті тәртіптік өндірісте Сот жюриімен қаралады.  Судьялармен әдеп нормаларын бұзу фактісін алдын-алу мақсатында  сот жүйесінде Сот әдебі жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімдері келтіріле отырып, ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Судьялардың әдеп мінез-құлқын құру қағидаттарының негізінде әрине тәуелсіз сот жүйесінің құрылуы сөзсіз. Еліміздегі судьяларға қатысты талаптардың күшеюі, қоғамдық қатынастардың белсенді дамуы, судьялармен өздерінің кәсіби әдеп нормаларын сақтауы  халық көңілінен шығатын мінсіз сот жүйесін құрудың кепілі болары заңдылық.

 

Астана қалалық сотының судья                                              

Э.Оңғарсынова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.