Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі.
Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда. Барлық шығыс құжаттарымен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылуда. Соның ішінде соңғы кезде, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында оқытудан басқа көптеген бағдарламалар жасақталып, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Бұл әрекеттердің бастауы, мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін оқып үйренуде, еркін меңгеруде, жұмыс бабында пайдалануда қызығушылықтарын туғызатындығы сөзсіз.
Сондықтан, мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік.
Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – тілге жанашыр азаматтарға тікелей байланысты екенін есімізге сақтап, ана тіліміздің толыққанды мемлекеттік тілге айналуына атсалысуға баршамыз жұмыла кіріссек, яғни ұлтына, дініне қарамастан барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тіл екенін түсініп, мемлекеттік тілінің болашағына аса үлкен жауапкершілікпен қарасақ, мәселе оңынан шешіледі деген сенімдемін.
Бәйтерек аудандық соты
әкімшісінің басшысы Ж.Б. Каримов
[xfvalue_img]