Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізігі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де - мемлекеттің негізгі нышандарының бірі.

Елбасы  Н. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», - деген болатын. Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны.   

  Тілдің мәселесі - ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда. Департаментте ұйымдастыру-басқару құжаттары, негізгі іс-әрекет және жеке құрам бойынша бұйрықтар, жедел кеңес хаттамалары мемлекеттік тілде шығарылады. Істер номенклатурасы, қызметкерлердің функционалдық міндеттері, барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.

2020 жылы департаменттің жалпы құжат айналымы 7546 құжатты құрады, оның ішінде 6695 құжат мемлекеттік тілде - 88,72%. Кіріс құжаттар 4979 құжатты құрады, оның ішінде 4756 құжат мемлекеттік тілде – 95,52%. Шығыс құжаттар саны 1895 құжат, оның ішінде 1579 құжат мемлекеттік тілде – 83,32%. Ішкі құжаттар саны 238 құжатты құрады, оның ішінде 238 құжат мемлекеттік тілде - 100%. Негізгі іс-әрекет бойынша бұйрықтар 55, мемлекеттік тілде 55 - 100%. «Қызметте пайдалану  үшін» белгісімен құжаттары 9 құжатты құрады, оның ішінде 8 құжат мемлекеттік тілде – 88,88%. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері – 370, оның ішінде мемлекеттік тілде 71 құжат - 19,18 %

Департаментте іс жүзінде жұмыс істейтін қызметкерлер саны-25 ұлттық құрамы бойынша, қазақ саны 23 қызметкер - 93.8%, басқа ұлт өкілдері 2 қызметкер - 6,2%.

Ұлттық тестілеу орталығында  «Қазтест» жүйесі арқылы 2020 жылы тестілеуден 5  қызметкер өтіп сертификат алды.  

Мемлекет саясатында жауапты мекеме басшылары тілге деген бақылауды ешқашан да босаңсытпауы тиіс. Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғау басшыдан бастау алу керек. Ал, егер өзіміз бен мемлекет басындағылар керек етпесе, мемлекеттік тіл кімге керек? Адам қай тілде сөйлесе, сол тілге қызмет етеді.

Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік. 

А.Атантаева,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

 ШҚО бойынша департаментінің бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.