Мемлекеттік тілдің сот жүйесінде қолданылуы
Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге қазақ тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақ тіліміз дамып, оның қоғамдық маңызы арта түсті. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» деп көрсетілген.
Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы–сот төрелігін жүзеге асырудағы басты аспектілердің бірі. Мемлекетік тілде сот ісін жүргізу мәселесі күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бүгінде сот жүйесінде мемлекеттік тілді дамытуда көптеген іс шаралар жүргізіліп, нәтижесін беруде. Сот өндірісіндегі кіріс-шығыс хат-хабарлар мемлекеттік тілде жолданып, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңестер, семинар хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Соттың ресми сайты қазақ және орыс тілінде, ал ішкі құжатайналымы қазақ тілінде жүргізіледі.
Қазақ тілі- біздің рухани негізіміз. Қазақ тілін меңгеру –ҚР әр азаматының парызы. Біздің міндетіміз-оны барлық салада белсінді пайдалана отырып, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіру мақсатында заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, ммелекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту өз қолымызда.
Орал қалалық сотының
бас маманы-сот отырысының хатшысы
Ж.М.Төлепова
[xfvalue_img]