Қазақстанның халықаралық аренадағы тәжірибесі: Страсбургте сот жүйесіндегі реформалар таныстырылды

Қазақстанның халықаралық аренадағы тәжірибесі: Страсбургте сот жүйесіндегі реформалар таныстырылды

◾️ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Еуропа сарайында Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) 43-ші жалпы отырысында сөз сөйледі.
◾️ Отырысқа 47 мемлекеттің өкілдері қатысты.
◾️ Осы беделді халықаралық ұйымның жалпы отырысында алғаш рет қазақ тілінде баяндама тыңдалды.
◾️ Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы өз сөзінде еліміздің сот реформалары саласындағы негізгі жетістіктеріне тоқталды.
◾️ Ол еліміздің қолжетімді, тиімді және тәуелсіз сот жүйесін құру арқылы алға қарай елеулі қадамдар жасағанын атап өтті.
◾️ Реформаның негізгі бағыттарының қатарында ол соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуді, процестерді цифрландыруды және істерді қарау уақытын қысқартуды ерекше атап өтті.
◾️ Осылайша, Қазақстанда азаматтық істер орта есеппен 48 күнде қаралады, бұл еуропалық 237 күндік көрсеткіштен едәуір аз.
◾️ Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.
◾️ Бүгінде талап қоюлардың 95 пайызы электронды түрде беріліп, сот ісін онлайн режимде қарауға болады.
◾️ Бұл шаралар сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырды.
◾️ Жалпы отырыс аясында А.Мерғалиев CEPEJ Президенті Франческо Депаскуалемен кездесті.
◾️ Халықаралық ұйымның басшысы жақында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезін жоғары бағалап, Қазақстандағы сот реформаларының прогрессивтілігін ерекше атап өтті.

Ф.Депаскуале Еуропа Кеңесі елдерінде Қазақстанның тәжірибесін, атап айтқанда, біркелкі сот практикасын қалыптастыруға бағытталған жасанды интеллектті зерделеу мен енгізуге деген үлкен қызығушылық туралы айтты.
◾️ Сондай-ақ, сапар аясында қазақстандық делегация Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотының (АҚЕС) Президенті Марко Бошнякпен ресми кездесу өткізді.
◾️ Кездесу барысында Қазақстанның Жоғарғы Соты мен АҚЕС арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, оның ішінде тәжірибе алмасу және Қазақстан судьялары үшін оқыту іс-шараларын өткізу мүмкіндіктері талқыланды.
◾️ А.Мерғалиев адам құқықтарын қорғау стандарттарын ілгерілетуде АҚЕС-нің қолдауына ризашылығын білдірді және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды ұсынды.
◾️ Мұндай іс-шаралар Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және сот саласындағы озық стандарттарды енгізуге бейілділігін көрсетеді.
◾️ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты заң үстемдігін және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін одан әрі нығайтуға бағытталған ынтымақтастыққа ашық.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.