Қазақстанның сот жүйесінің жетістіктері: Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссия Президентінің пікірі

Қазақстанның сот жүйесінің жетістіктері: Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссия Президентінің пікірі

◾️ Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) Президенті Франческо Депаскуале ұйымның ресми сайтында 2024 жылдың қазан айында Астанада өткен ҚР Судьяларының IX съезінде және Қазақстан Республикасындағы Сот әкімшілігін дамыту стратегиясын талқылауға арналған дөңгелек үстелде жасаған баяндамаларын жариялады.

◾️ Еліміздің сот жүйесін цифрландыру, істерді қарау мерзімдерін қысқарту, инновациялық технологияларды енгізу және сот төрелігінің тәуелсіздігін нығайтудағы жетістіктеріне басты назар аударылады:

1. Электронды соттарды, қашықтықтан тыңдауды және құжаттарға онлайн қолжетімділікті енгізудің арқасында Қазақстан CEPEJ елдері арасында сот жүйесін цифрландыру бойынша 4-ші орында;

2. Азаматтық және коммерциялық істерді қараудың орташа уақыты 48 күнді құрайды, бұл еуропалық стандарттардан айтарлықтай жылдамырақ;

3. Қазақстанда деректерді талдау және процестерді автоматтандыру үшін жасанды интеллект белсенді түрде енгізілуде, бұл сот шешімдерінің дәлдігі мен жылдамдығын арттырады;

4. Тәуелсіз сот әкімшілігі моделін енгізу саяси ықпалсыз соттарды қаржыландыру мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі;

5. Электронды сот төрелігі сот жүйесіне, оның ішінде халықтың осал топтары мен шалғай аймақтардың тұрғындарына қолжетімділікті кеңейтіп, оны анағұрлым қолжетімді және әділ етеді.

◾️ Астанаға сапары аясында Ф.Депаскуалені Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қабылдады.
Баяндамалардың түпнұсқа мәтіні мына жерде орналастырылған:

https://www.coe.int/en/web/cepej/-/cepej-president-visited-kazakhstan

Анықтама:

Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссия (CEPEJ) Еуропа Кеңесіне мүше 47 мемлекеттің сарапшыларынан құралған сот органы.

CEPEJ оған мүше мемлекеттердегі сот жүйелерінің тиімділігі мен сапасын арттыру арқылы Еуропалық сотқа түсетін жүктемені азайту үшін құрылған.

Еуропадағы сот төрелігінің тиімділігі мен жұмыс істеуін жақсарту құралдарын әзірлейді, ғылыми-зерттеу институттарымен байланыстарды дамытады, білікті тұлғаларды, үкіметтік емес ұйымдарды шақырады, тыңдаулар жүргізеді, сот мамандарының желілерін дамытады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.