Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің жаңашылдығы

Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің жаңашылдығы

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді.Осы күннен бастап бұған дейін қолданыстағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" және "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңдар күшін жойды.Бұл Кодекс бойынша не білеміз, азаматтарға қандай кепілдіктер берілген, ол қандай мәселелерді реттейді деген сұрақ туындауы мүмкін. Аталған Кодекс әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібін реттеуге және қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешуге бағытталған кодекс. Бұрын біздің елде мұндай кодекс болған жоқ.

Кодекс азаматтардың мүддесін қорғауға, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз уәжден қорғауға арналған қағидаттарды енгізетінін атап өткен жөн. Осылайша, заңнаманың барлық түсініксіз тұстары азаматтардың пайдасына шешілетін болады.

«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың нақты құқықтарын қорғау мәселесін реттейді. Бұл жерде әңгіме әкімшілік актілер турасында болып отыр.

Әкімшілік актілер дегеніміз не? мемлекеттік органдардың нақты азаматқа қатысты шешімі. Мемлекеттік қызметтер - бұл басқарудың өте зор мән берерлік саласы. Мысалы, сіз мемлекеттен Жер кодексі бойынша өзіңізге алуға болатын 10 сотық жерді алғыңыз келеді делік. Яғни нақты сізге жер актісін беру туралы әкімдіктің шешімі әкімшілік акт болып танылады. Әкімшілік кодекс азаматтардың аталған құқықтарының қорғалуының негізгі кепілдіктерін белгілейді. Мемлекеттік органдар азаматтар құқықтарын пайдаланған кезде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіндегі белгіленген барлық міндеттеме мен принципті сақтауы керек. Бұл өте ауқымды сала.

Азаматтардың мемлекеттік органдардан заң бойынша алуға құқығы бар иелікті талап етуге құқылы екенін ұмытпау керек. Бұл талаптар кодексте белгіленген принциптерге сәйкес күшінде болады. «Бұл біздің құқықтық жүйедегі мүлде жаңа құжат. Осыған орай, елімізде жаңа Кодекс қолданысқа енгенше мемлекеттік қызметкерлер оқытылып, заңнама талаптары, қолдануы түсіндірді.

Кодекске сәйкес судьялар өте маңызды рөл атқарады. Себебі мемлекеттік органдардың шешімдерінің Әкімшілік рәсімдік- процестік кодекстің талаптарына сәйкестігін дәл соттар тексереді. Жеке әкімшілік соттар құрылды. Бұл соттар азаматтар мен мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдардың арасындағы дауларды қарайды. Ендігі кезекте сот бақылауы мемлекеттік органдардың шешіміне байланысты болмақ. Мысалы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы заңға сәйкес жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне олардың тауарлары отандық өндірісте болатындығын растайтын сертификаттар береді. Бұл жағдайда ҰКП жаңа енгізілген кодекстің талаптарына сәйкес келеді. Олар сондай-ақ кодексте көрсетілген талаптарды орындауға тиіс.

А.Т.Мендалиев                                                                                

Жаңақала аудандық сот әкімшісінің

бас маман- сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.