ЖАҢА КОДЕКСТЕ ЖАҢА ТАЛАП

ЖАҢА КОДЕКСТЕ ЖАҢА ТАЛАП

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтар мен билік органдарының арасындағы жария-құқықтық дауларды шешу барысына, теңсіздік ахуалын жою үшін дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік юстиция құрылымын енгізу қажеттігін атап өткен.
Осыған орай, 2020 жылғы 29-маусымда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды. Аталған Кодекс 2021 жылғы 1-шілдеден бастап қолданысқа енді. Қазақстан  Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің қабылдануы – біздің  еліміздегі елеулі оқиға. Кодекс- құқықтық  мемлекеттің маңызды атрибуты, азаматтардың  барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тіңсенімді тірегі десекте болады.

Осы Кодекс мемлекет пен азамат (ұйым) арасындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу бойынша әкімшілік рәсімдерге және арнайы сот ісін жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, атап айтқанда «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдар 2021 жылғы 1 шілдеден бастап өз күшін жояды.

Кодекс  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруда; жария-құқықтық қатынастарда  жеке және қоғамдық  мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуді, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы  қамтамасыз етеді;  жария –құқықтық саладағы заңдылықты нығайтуды қамтамасыз етеді.

Нақтырақ айтқанда, Қодекстің  негізгі  мәні тұлғалардың әкімшілік органға  жүгінуі нәтижесінде қабылданатын  әкімшілік акті, оны орындау, заңсыз актіні заңсыз деп тану, жоюмен байланысты әкімшілік  органдарының қызметі, сондай-ақ әкімшілік орган және соттың дауларды шешу тәртібі болып табылады.

Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде талап қоюшылар сотқа талап қоюдың мынадай түрлерімен жүгіне алады:

  1. Әкімшілік актіні толық немесе оның бір бөлігін алып тастау талабымен дау айту туралы талап қоюлар;
  2. Әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетсіздігі себебінен қабылдаудан бас тартылған не қабылданбаған, талап қоюшы қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды талап етуі мүмкін мәжбүрлеу туралы талап қоюлар;
  3. Талап қоюшы әкімшілік актіні қабылдауға бағытталмаған белгілі бір іс-әрекеттер жасауды немесе осындай іс-әрекеттерден қалыс қалуды талап етуі мүмкін іс-әрекеттер жасау туралы талап қоюлар;
  4. Талап қоюшы қандай да бір құқықтық қатынастардың болуын немесе болмауын тануды талап етуі мүмкін тану туралы талап қоюлар. 

Кодексте әкімшілік рәсімдер жүргізу барысында азаматтардың соттағы процестік құқықтары болып табылатын шаралар көзделген, атап айтқанда: әкімшілік іс материалдарымен танысу, әкімшілік органның лауазымдық тұлғасына қарсылық білдіру, алдын ала әкімшілік актінің жобасымен танысып, оған өзінің түсіндірмелерін беру, өз сөзін тыңдатуға құқылы және т.б.

Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесінде және жоғары тұрған органда және сотта мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау кепілдіктерін бекітуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сот жүйесіне жүктемені азайтуға әкеледі

Мұғалжар аудандық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.