Қазақстанда сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру жобасын 2026 жылдың соңына дейін ұзарту жоспарлануда

Қазақстанда сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру жобасын 2026 жылдың соңына дейін ұзарту жоспарлануда

◾️ Жоғарғы Сотта Сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру жобасының Үйлестіру комитетінің отырысы өтті.
◾️ Оның жұмысына ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, СӘ басшысының бірінші орынбасары, жоба үйлестірушісі Шәкір Шаяхметов, Елші, Қазақстандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, доктор Фолькер Фробарт, Офистің адами өлшем бөлімінің аға кеңесшісі Николас Мазик және Офистің ұлттық үйлестірушісі Евгения Оралова, СӘ құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
◾️ Жобаны 2024 жылы іске асырудың негізгі нәтижелері мен 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
◾️ А.Мерғалиев өз сөзінде Жоғарғы Сот пен Офис арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, жоба аясында сот жүйесінің бастамаларына қолдау көрсетіліп жатқанын айта келе, Қазақстанның сот жүйесін жаңғырту ісінде әріптестіктің маңыздылығына тоқталды.
◾️ Н.Ахметзакиров 2024 жылға жоспарланған барлық іс-шаралардың сәтті жүзеге асуына тоқталып, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықтың тиімділігіне сенім білдірді.
◾️ Ф.Фробарт Жобаның сот жүйесіндегі реформаларды жалғастырудағы маңыздылығын айта отырып, оны 2026 жылдың соңына дейін ұзартуды ұсынды.
◾️ Отырысқа қатысушылар 2025 жылға арналған жоспарларды, оның ішінде судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби даярлау аясында сот білім беру саласындағы бизнес-процестер мен бастамаларды оңтайландыру шараларын талқылады.
◾️ Тараптар алға қойған мақсаттарға жету үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Анықтама
Жоғарғы Сот пен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Меморандумға қол қойып (2021 ж.) Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірлескен жобаны іске қосқан болатын.
Жоба 2025 жылдың соңына дейінгі кезеңді қамтиды және заң үстемдігін нығайтуға, сот төрелігі жүйесінің ашықтығы мен жариялылығына жәрдемдесуге бағытталған (сотты әкімшілендіруді жетілдіру; сот қызметтерінің сапасын арттыру; судьялардың жұмысын бағалау жүйесін жаңарту; судьяларды оқытудың жаңа инновациялық практикасын енгізу; сот практикасының біркелкілігін бағалаудың АТ-талдау жүйесін әзірлеу).


[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.